ОЙЫЛ ҚАЙДА, ЖЕМ ҚАЙДА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

Дабыл – үкімет назарына!

 


Жем өзені жайында жазылған жыр да, ән де жетерлік. («Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда?»). Ойыл ойылып, Сағыз саязданып, Жем жоғалып барады, айтса айтқандай, расында да, Жем қайда?!

 

Кешегі кеңестік кезеңде Жемді жағалай суармалы егін алқабы салынып, ақ тары, жүгері, жоңышқа еккенде де, өр өзен өзінің табиғи қал пын сақтап, Каспийге құйып жа татын. Өзен жағалай отыр ған елдің жағасы жайлау еді, қар суының да септігі тиетін. Екі облыстың – Ақтөбе мен Аты раудың аймағын жарып өтіп, Каспийге құйып жатқан Жем бүгінде жоқ: кей жерлерінде жылап ағып жатса, қойырлап қалған, құм басқан жерлері жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, ақырғы демін алып жатқан ауру адам сықылды, денесінің жарым-жартысы жансызданып, жағалаудағы елге қарап, көз жасын бұлап, көмек-қай ырым, қимыл-әрекет күтеді.

Иә, өзегі толған мал мен жанды сусындатқан, таңдайына нәр тамызған, тал бойынан жүгірткен Жемнің бүгінгі жайы адам шошырлық. Айналасынан ара-ағайын, араша тұрар тұлға іздейді. Жем бойында туып-өскен, Жемнің суын ішіп, оның суына түсіп өскен елдің тілегі – бүгінде Жемнің үстінде. Жемнің бойын жағалай отырған жүзде ген елді мекеннің кейінгі күйі не болмақ, онсыз да шықпа жаным шықпалап, әрең отырған елдің жалғызы да Жем емес пе еді?

Бүгінде Жем жағалай қон ған ауылдардың жай-күйі жартымсыз, мал бағайын десе – өрісі тарылған, қара халықтың қолындағы азын-аулақ малын бағатын жайылымдық жерлерді түгелдей және тұтастай кешегі қызыл өкіметтің өктем өкілдері (кеңшар директоры, аудандық әкім тағы сол сияқты) өздеріне өріс етіп алып, иелік етеді. Ауыл айналасындағы жайлаулар мен қыстаулар да солардың құзырында. Олар жеке шаруа қожалықтарын құрып, жағалау дағы құмын қаптап сатып отырса да, Жемнің бүгінгі бейшара халі туралы жақ ашпайды.

Ал енді мал баққан, шөп шапқан, егін еккен, білім берген, ел емдеген кәсіп иелерінің ұлтарақтай ғана жері бар ма? Әрине, жоқ. Сол баяғы таз қал пында. Жемнің суындағы ба лық ты былай қойғанда, бақа-шаянға шейін сүзіп алып, қайраңын ғана тастаған кім екенін елдің бәрі біледі. Білсе де, жұмған аузын ашпайды, нә тиже болмайтынына баяғыда-ақ көздері жеткен. Ал жер бетінде бақа-шаянды кім қорек етуші еді? Белгілі жәйт – олар Ақтөбе өңірінен мұнай өндіріп жатқан қытайлықтар!

 

Сонда бұл елде аң, ба
лық, құс аулауға тыйым салатын, айыппұл салатын өкі летті орындар жоқ болғаны ма? Бар болса, мұнай өндіруші алпауыттар елдің қара алтыны мен балығын бопсалап, құсын қиқулатып атып жатқанда, аң ын аңыратып қуып жүргенде, неге бұл бассыздыққа тосқауыл қоймайды? Бәлкім, «аспан ас ты» халықтың еркелеріне Ұлы дала ұрпағының сөзі жүрмей ме екен?

«Сөзі жүрмейді» дегеннен шығады, ондаған жылдар бойы күні-түні мұнай өндіріп жатқан өндіріс орындарының ел арасына бір шақырым тас жол төсегенін кім көрген? Сол Жемді жағалай орналасқан оншақты ауылдың бірде-біреу іне тас жол төселмеген, көше лерінің ұзындығы бір шақыр ымға да жетпейді. Бар болғаны екі-үш көше шаңы аспанға шы ғып, құмды құйын аламан бәй геге түсетіндей көрінеді. «Ақ төбемұнайгаз» компаниясының аты дырдай болып, Ақтөбенің атын әйгілеп тұрғанымен, заты басқа екені де белгілі. Олар – қазақтың жерін аяусыз емген қытайлықтар!

Сол аймақтардағы ауылдарда жұмыссыз жүрген адамдар қаншама? Оның басым көпшілігі – өрімдей жастар. Екі қолға бір күрек тимей, қайыр шылық күй кешуде. Күндіз-түні дамылсыз жанған газ шырақ тары мен түн жамылып жібе ретін газ қалдықтарының иісі нен жергілікті халық қолдан сатып алған аурудың емін таба алмай күй кешеді. Баратын жері, басатын тауы таусылған үш-төрт ауылға арналып сал ынған аурухана да жоқ. Аудан орталығы шалғай, ауылдардың арасы жүз шақырымдай, оған жүретін арнайы автобустар да жоқ. Барлығы жеке меншік.

Әлі де болса Жем станциясын аудан орталығына айналдыру – жергілікті халықтың кө се гесін көгертер еді. Бірақ бү гінде Жем жағалаған жергілікті халық тартылған өзеннің бал дыр-батпағынан аяғын ала алмай, қалың масасынан құтыла алмай, кірерге тесік таппай, жанкешті күй кешуде. Мұнай шыққан, алтын шыққан ел мен жердің Қандыағашқа қатысы қанша? Жоқ, бүкіл Жем бойы сол Қандыағашқа телміріп қалды.

Жем елді мекені темір жол дың бойында тұр. Осы Жемді аудан орталығы етуге ақса қал дар алқасы әлденеше рет өті ніш жасап, әлденеше рет тиісті құзырлы жерлерге жазып, нә тиже шығара алмады. Қанды ағаштың қалың масасы мен балдыр-батпағынан қашқан мұнай мұрагерлерінің бәрі бірдей кеңселерін Ақтөбе қала сына аударып, өздері де жайлы жерден қоныс тауыпты. Сонымен қатар кеңестік кезеңде темір жол бойына жағалай егілген тал-теректер қурап, сидыйған қалпында, арса-арса, арлы-берлі сирек өткін шіден қайыр сұрап, қол бұлғай ды. Себебі – бұрын болған орман шаруашылықтары жаппай жабылған соң, орнына жеке меншік қожалықтар ашуды аудан, облыс басшысы да қол дамаған сияқты.

Қытайдың мұнай алпауыттары салған Ақтөбеден Жаңа жолға қатынайтын темір жол бірде-бір елді мекеннің үстімен жүрмей, ауыздықпен алысқан ат сықылды айдаланы кезіп ке теді. Сол жолмен жүретін пойыздарды бірнеше елді мекеннің үстінен жүргізуге болмай ма? Болмаса, бір-екі вагон тіркеп, жергілікті тұрғындарды жедел жеткізуге болмай ма? Жолақы сын төлеп жүретін тұрғындар дың жазығы не?

 

Туған топырағынан мұнай шыққанда, бөркін ас пан ға лақтырып қуанған халық бүгінде қытайлық компания лардың қайыр-садақасына тел міріп қалған. Расында да, мұнай шыққан жерлерді, яғни мұнай өндіріп алған жер асты қуыстарын сумен толтыру қажет. Ал енді толтыратын суды қытайлықтар Хуанхэ өзені нен тасымайтыны белгілі – әлбетте, Жемге жүгінеді. Мың даған тонна мұнай алынған кең орындарының қуысын Жемнің суымен толтырады. Яғни, өзен нің суы жер астына сұраусыз сіңіп жатыр, ол үшін қытайлық компания жергілікті халық түгілі, бюджетке бір тиын ақы төлемейді. Сонда олар неге Жемнің суын сұраусыз пайдалануы керек?

Жемнің арғы бетін қараса ңыз, қаптаған мұнай мұнара ларынан көз аша алмайсыз. Ал ол мұнаралар сорған мұнайдың орнын толтыруға Жемнің суы кетпей ме? Құрғап қалған, кеу іп қалған Жемнің ақырғы тамшысына дейін тауысып біткен де, ел де, жер де жермен жексен болады. Бұл сұраусыз бас сыздықтың салдарын жоюға Қазақстан үкіметі де құлықсыз сияқты.

Әбден тартылып, ақыр соңы ақтық демін алып жатқан Жемге жедел көмек керек! Көмек болғанда да, қазақ елі үкіме тінің үкімі шығарылған жанды көмек, көмек емес-ау, жүйелі жоспар, Жемді қорғап қалудың түрлі жолдарын іздестіру қа жет. Оның жолдары да, тәсіл дері де түрліше: экологиялық сараптама, экологиялық бақы лау, мұнай көздерін игеруші компанияларға айыппұлдар салу, салынған айыппұлды жер гілісті мәслихаттың шешімі мен жергілікті халықтың мұқта жына жұмсау, қоғамдық комитет, қоғамдық қор құру, мемлекет пен мұнай өндірушілер тарапынан қыруар қаржы бөлу, қоғамдық бақылау орнату, т.с.с. шұғыл шараларды бүгін нен бастап қолға алмаса, ертең Жем жер бетінен жоғалған күні әкім-қара да, қаулы да, қаржы да көмектеспейді.

Жемді жағалай ағатын буыр қанған бұлақтардың көзін ашып, көшкен құмның жолына қалқан болатын көшеттер егіп, арнасын ашып, айналасын лас-қоқыстан тазартып, халық дем алатын, суға түсетін орындарға белгі орнатып, мұнай көздері үшін су соруға болмайтын ай мақ тарға арнайы белгілер қо йып, мәслихаттың шешімімен заңға сәйкес айыппұлдар таға йындайтын да кез келді.

Белгі демекші, Ақтөбе ай мағынан мұнай, газ өндіріп отырған алпауыттардың артында қандай белгі қалары, ширек ғасыр жер байлығын иемденіп, үріп ішіп отырса да, жергілікті тұрғындарға арнап бір шаршы метр тұрғын үй тұрғызбаған, мұнайшы-жұмыс шы лар тұратын үйлерге бірде-бір жөндеу жүргізбеген, жол салмаған, айналасындағы елді мекендердің екі-үш көшесінің бірде-біреуіне бір тал ағаш екпеген. Жемнің суын күнбе-күн қотарып отырса да, оның жер бетінен жоғалып кетпеуі үшін бір игі қадам жасамаған, эколо гиялық талап, ережелерді өрес кел бұзғаны былай тұрсын, жергілікті халықтың қамы үшін қытайлықтардың бұрылып қарамағаны қалай? Бұған Қазақстан үкіметі неге бақылау жасамайды? Сонда «аспан асты» елінің байшыкештері біз дің Жемді жер бетінен жоғал туға келгені ме?

 

Ал енді қытайлық жұмыс шылардан он есе төмен, 40–50 мың теңге айлық алатын жергілікті мұнайшылардың да мұңаятын жөні бар. Олардың арқа еті – арша, борбай еті – бор ша боп тапқан жалақысы ауылдық жердегі үй сыпыру шының айлығымен бірдей кө рінеді. Олардың денсаулығына экологиялық зиян ретінде төленетін өтемақы туралы сөз қозғаудың реті жоқ: себебі бұл тақырып қытайлықтармен жа сал ған келісім-шартта мүлдем көрсетілмеген. Қытай инвесторымен жасалған мемлекетара лық келісімде жергілікті халық пен табиғатқа келіп жатқан ке сірдің құны көрсетілмеуі кімнің кінәсі? Бұл да анықтауды қажет ететін талап.

Бұл өңірде ел дегеніміз – Жем, Жем дегеніміз – ел. Мұз дан сеңді бөліп алуға болмайтыны сықылды елден Жемді бөліп қарауға болмайды. Жем жағалай қонған жүзге жуық ауыл бүгінде неге тоз-тоз болды? Жем жоғалса, ел жоғалады деген қағиданы жергілікті биші кеш тер неге білмеді? Біле тұра, өздерінің жемсауларына түсе тін нәпақа үшін Жемді жатқа жем қылды ма?

Осындай сұрақтардың жауабын табу үшін дабыл қағамыз. Мемлекет болып, ел болып, Жем нің жер бетінен жоғалмау ына өз үлесімізді қосайық. Бұл арада Қазақстан үкіметі бірінші кезектегі бастамашы болуы керек. Әйтпесе жергілікті билікті қытайлық компания басшылары көздеріне елейтін түрі жоқ: қит етсе, «біз мұнай өндіруге рұқсатты Астанадан алғанбыз» деп кеуде қағады. Тіпті мен менсіген қытайлық инвестор дың бүгінгі дандайсуына қара ғанда, Жем бойын құтқаруға Ақорда араласпаса, іс оңға баспайтын сияқты.

Серік МҰХАМБЕТҰЛЫ,

Қазақстан жуналистер

одағының мүшесі,

Ақтөбе облысы

 

Редакциядан: Мақала авторы Жем өзені мен оның бойын жайлаған халықтың проблемасына қатысты жазылып, ҚР үкіметінің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев тың атына жолданған хатқа мыңнан астам адам қол қойғанын мәлімдейді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн