Воскресенье , 11 мая 2025

МЕН НЕЛІКТЕН үміткерліктен БАС ТАРТТЫМ?

  • Мен алдағы мәжіліс сай­ла­у­ы­на үміт­кер ретін­де қаты­су­дан бас тарт­тым. Бір­ша­ма аза­мат­тар тілек­тес бол­ды, құл­шы­на қол­да­ды, итер­ме­леді, бәріне – мың алғыс! 

Бас тар­туға басты екі себеп бол­ды: біре­уі – соңғы 20 жылға жуық уақыт­та ығы-жығы сая­сат­тан алшақтап­пын, оның ләз­за­ты­ның дәмін ұмы­ты­ңқы­рап­пын. Сая­сат­та қоғам­дық жұмыс ретін­де ғана бой көр­се­ту – жет­кіліксіз. Оған бой­дағы мен ойдағы, айна­лаң­дағы бар ресур­сты қай­та­рым­сыз салу керек… 

Науқан уақыт пен  бой­дағы бір­ша­ма күш-жігер­ді алып кететіні рас. Қазір­гі аху­ал­ды салы­сты­ра қараған­да, бастаған шару­а­ны біті­ру өзі­ме де, қоға­мға да пай­да­лы көрінді.

Екін­ші себеп – мате­ри­ал­дық ресур­стың жет­кіліксізді­гі, оны жина­сты­руға уақыт­тың тарлығы.

Біздің қоғам­дағы екі аху­ал­ды екі өкініш ретін­де айтып өтпек­пін: бірі – бой­дағы піс­кен, мол ресур­сты елдің көр­ке­юіне, оны алаң­сыз түр­де қоға­мға шынайы жұм­сай­тын аху­ал­дың әлі де бір қай­на­уы ішін­де жатқан­ды­ғы. Елдің жаңа­руын халы­қтың өз қауқа­ры­мен атқа­руға арналған сая­си бағыт­ты әлі де күтіп оты­рға­ны­мыз өкінішті… 

Екін­шісі – қоғам­дағы бой көтер­ген жаңа сая­си тұлға­лар бір­ле­се, жұмы­ла кірі­суді әлі де мең­гер­мей отыр, әрқай­сысы өз алды­на бір құдай­дың рөлін­де. Бұның бар­лы­ғы біздің даму дең­гей­і­міздің әлі де «бала­лы­қтың сол­шыл­дық ауруы­нан» айы­ға алмай оты­рға­нын байқатады.

Жал­пы алған­да, бұл сай­лау қалай болған­да да, ел үшін де, аза­мат­тар үшін де бір­ша­ма мүм­кін­дік! Бір саты­ға көтері­лу дей­ік­ші. Бірақ соны қара­бай­ыр бата­ли­я­мен жағып жібер­ме­сек екен… Бәл­ду-бәл­ду бәрі өтірік бол­ма­са екен!

90-жыл­дар­дағы роман­ти­ка­лық демо­кра­тия кел­мес­ке кет­се де, шынайы істер­дің басы бола­тын. Қаза­қстан­ның талай тұлға­ла­ры сол кез­де бой көр­сет­кен. Бүгін­гі Қаза­қстан сол ірге­та­стың арқа­сын­да құрылды.

Бірақ 30 жыл ішін­де  сая­сат­та ұрпақ сабақ­та­сты­ғы бол­ма­ды – басты өкініш осы. Бір толқын екін­шісін жоққа шыға­ру­мен, алды­ңғы­сын еміс-еміс білу­мен ғана, әр толқын өз кеудем­соқты­ғы­на ұры­ну­мен уақыт­ты тек­ке өткізіп келе­міз! Бұл – тарих­тың ұлтқа бер­ген мұр­са­тын құр­ту­дың керексіз әдеті. 

Енді, халай­ық, әле­ужелі­де ғана бой көр­се­ту – ел биле­у­ге аз бола­ты­нын сезі­ней­ік. Басты­сы – бой мен ойға қажет прин­цип пен елді ел ету­ге деген көк­сеу! Соны іске асы­руға жан­та­ла­су! Депу­тат ман­да­тын қолға ұстау – жекенің мақ­са­ты, ал жал­пы­ның мұра­тын аяқ асты етпеу неден көрі­нуі тиіс? Осы­ған бас қаты­ру керек.  Сон­да ғана көсе­ге­міз көгерер. 

Мәжіліс­ке кім­нің бара­тын­ды­ғы маңы­зды емес, оның шынайы түр­де халық мүд­десін ескеріп, алға басты­ра­тын ресми сая­си орган болуы маңызды! 

Тұлға­лар­ды таң­даған­да, ірік­те­ген­де, олар­дың бас аса­улы­ғы мен көн­бісті­гі маңы­зы жағы­нан екін­ші план­да қалып, шынайы іскер­лі­гі, қазақ халқы­на ұлт­тық мем­ле­кет­ті қалып­та­сты­ра­тын, жетіл­діретін тұлға­лар­дың қай­рат­кер­лі­гі маңы­зды. Қай­рат­кер­лік кәсі­би­лік емес! Ол ел үшін, халық үшін жан­та­ла­стан туын­дай­тын қимыл-әре­кет­тің нәти­же­сі. Әр істі әле­ужелі­ге әйгілеу – қай­рат­кер­лік емес, ісіңді саудаға салу.

Пар­ла­мент­те кім­нің не айтқа­ны мен мәсе­лені көтер­гені емес, бұған дей­ін ол әбден жауыр болған тех­но­ло­гия, елдің шыны­мен де жаңа­руы мен жақ­са­руы­на барын сала­тын жан­дар­дың тұтасқан әре­кеті маңы­зды! Тұтас­па­сақ, бірік­пе­сек, бір-бірі­мізді «қаты­нө­сек­пен» асы­рас­ақ – құри­мыз. Тағы да айта­рым – уақыт­тың шым­бай­ға баты­рған мәсе­лесін шешу маңызды.

Халық үшін де, ел үшін де пай­да­лы, шынайы аза­мат­тар билік төрі­нен орын алға­нын қалай­мын әрі тілей­мін. Біздің халық өз қаһар­ман­да­рын күту­де, аңса­у­лы, содан шар­ша­у­лы. Соны сезінейікші. 

Әлем­де­гі ең сау­ат­ты, ең тәр­тіп­ті, әдеп­ті, төзім­ді, шыдам­ды, іскер халық – біз­де! Соның қадірін білетін­дер ғана төр­ге шықсын!

Серік ЕРҒАЛИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн