ҚЫЗҒА ҚҰРМЕТ – ИМАННАН

Әлемде өз қыздарын шетелдіктерге бермейтін елдердің қатарында кімдер бар деген сұраққа жауап іздедік.

Жапония қыздары шетелдікке тисе, азаматтығынан шығарады, күйеуіне азаматтық бермейді, туған баласына да азаматтық бермейді.

Корея қыздарының шетелдіктерге шығуына заңмен тыйым салған, некеге тіркемейді. Күйеуіне азаматтық та бермейді.

Мұсылман заңымен жүретін 22 араб елдерінде шетелдіктерге қызын да, азаматтығын да бермейді.

Израиль елі қыздарының Қытай азаматтарына шығуына заңмен тыйым салған.

Ал егер Түркіменстан қызын алатын болсаңыз, 50 мың АҚШ долларын қазынасына құясыз!

Өзбекстанда – 40 мың доллар!

Түркияда – 80 мың доллар.

Әзірбайжанда – 50 мың доллар!

Әлемде ешбір елде жоқ, өз елінде құқығы қорғалмаған жалғыз ұлт бар – ол қазақ ұлты ғана.

Қазақстан азаматы атын жамылған кейбір келімсектер қазаққа тиесілі миллиардтаған байлықты тонап, шетел асыруда?

Елде орнаған сұрқия капиталистік жүйенің жоспары БӨРІ қазақты қонақжай және жуас, момын деп, әртүрлі әзіл-сықақ кинолар, телешоулармен күнде құлағына құйып ұйықтатуда, оятып алмауы керек, қазақ оянбауы керек!

БӨРІ қазақ ОЯНСА, олигархтар, латифундистер Отанымыздың байлығын ұрлап, тонай алмай қалады.

1993 жылғы заңдарында ел мен жердің иесі қазақ дегенді, 1995 жылы Қазақ ұлты 130 келімсекпен бірдей деп, заңдарын өзгерткен – жалғыз Қазақ елі!

Өздерін келімсектермен бірдей қылған. Келімсектер бар байлығымен қоса, билігінің БАЗАРЫН беріп отырған – жалғыз Қазақ елі!

Германия, Жапония Араб елдеріне барып, базарынан орын ала алмайсыңдар да, ешкім төрін бермейді. Таза өз ұлтына ғана береді екен.

Қазақстанда мемлекетті құрушы ұлт ретінде есептелетін қазақ ұлтының қыздарын кез келген келімсек әртүрлі мақсатта пайдалану үшін алады екен. Пайдалана біледі барынша, бір келімсек уақытша көңіл көтеруге пайдаланса, бір келімсек осы елдің азаматтығын алғанша, уақытша пайдаланады, тағы бір келімсектер өз еліне әкетіп, бала тудыруға пайдаланады.

Қазақстанда қазақ пен қазақ қыздарының құқығы қорғалмаған. Бұл елде ИТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ қазақтардан да мықты, жақсы қорғалғаны анық!

Қазақ өз елінде иттен құнсыз болғаны ғой. Біз әлемдегі ең жалғыз жарлы-жақыбайлы елміз?!

Егер Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенетін болсақ, онда жыл сайын екі мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматша қыздары шетелдіктерге тұрмысқа шығады екен.

Қазақстанның азаматшасына үйленіп, Қазақстанның азаматтығын алып жатқан шетелдіктер аз емес, себебі Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» заңының 16-бабы бойынша: «Елде бес жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе ҚР азаматымен (азаматшасымен) некеде үш жыл тұрған шетел азаматы Қазақстан азаматтығын ала алады» деп жазылған.

Бұрынғы министр Даурен Абаевтың берген мәліметі бойынша, 2010–2016 жылдар аралығында Қазақстанның (қазақтың) 34 азаматшасы этникалық қытайға тұрмысқа шыққан. Ал шетелдік түрікке, өзбекке, орысқа, итальян, ағылшын, французға немесе Африка азаматтарына қаншама қызымыздың тұрмысқа шыққаны туралы нақты статистикалық мәлімет жоқ. Алайда олардың саны көп болмаса, аз емес.

Қазақтар – Руымды сақтаймын десе, ұлыңа ие бол!

Елімді сақтаймын десең, қызыңа ие бол!

Қазақ қызының намысы – елдің намысы деп, қызын төрге отырғызып, әлпештеп күткен жалғыз елміз!

Қазақ келімсектерге қызының кеудесін бастыру былай тұрсын, жүзін де көрсетпеген намысшыл, КӨКЖАЛ БӨРІ халық болдық емес пе баяғы заманда?!

Сондықтан қазақ қыздарын көзіміздің қарашығындай қорғайық, ағайын! Оларды бізге жат адамдардың жетегіне салып, олардан «қалың мал» алып, баюға ұмтылмайық.

Әрбір шетелдікке тұрмысқа шыққан қызымыз біздің қазақ халқының санын арттырмайды, керісінше, онсыз да аз ортамызды ойсыратады, ал бұл процесстің арты еліміздің демографиялық күйзелісіне алып баратыны анық.

Нұр-Қадыр Ниязов,

«ДАТ» оқырманы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн