Четверг , 6 августа 2026

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ –  ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ Таңдаймыз! Бақылаймыз! Талап етеміз!

Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған отыз бес жыл ішін­де талай эко­но­ми­ка­лық және сая­си кезең­дер­ді бастан өткер­ді. Талай рет жаңғы­ру мен жаңа­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры қабыл­дан­ды, рефор­ма­лар жари­я­лан­ды, жаңа инсти­тут­тар құрыл­ды. Алай­да қоғам­ның көкей­ін­де­гі басты сау­ал әлі де өзінің өзек­ті күй­ін­де қалып отыр.

Мем­ле­кет халық үшін жұмыс істей ме?

Бұл – осы­дан 35 жыл бұрын халық қой­ған сау­ал еді. Осы сау­ал­ды біз бүгін­гі күн­нің еншісіне еш өзгеріс­сіз қал­ды­рып отырмыз.

Неге?

Бұл сұрақ қазір­гі таң­да әрбір қаза­қстан­ды­қтың көкей­ін­де сай­рап тұрға­нын біз жақ­сы біле­міз әрі сезе­міз. Себебі күн сай­ын жастар­дың жұмыс­сызды­ғы, өңір­лер­де­гі әле­умет­тік теңсіздік, халы­қтың мем­ле­кет­тік инсти­тут­тарға деген сені­мінің әлсіре­уі сын­ды біт­пей­тін жүй­елі мәсе­ле­лер қоғам­ды жаңа сая­си шешім­дер ізде­у­ге мәж­бүр ету­де. ЖСДП да соңғы 20 жыл бойы халы­қ­пен бір­ге шешім­дер ізде­умен қатар түр­лі ұсы­ны­стар­ды алға шыға­рып келеді десем, өтірік емес.

Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­тия ұсы­нған «Про­гресс жолын­дағы 20 белес» бағ­дар­ла­ма­сы­ның негіз­гі ерекшелі­гі де осы ұста­ны­мға негіз­дел­ген. Пар­тия төраға­сы Асхат Рақым­жа­нов: «Біздің бағ­дар­ла­ма – каби­нет­те жазы­лған құжат емес, халы­қтың нақты талап­та­ры­нан туын­даған сая­си ұста­ным­дар жиын­ты­ғы. Өйт­кені сая­сат­тың басты өлше­мі – билік­тің өзі емес, аза­мат­тар­дың өмір сапа­сы», – дейді.

Расын­да, халы­қтың өмір сапа­сы­ның артуы – ең алды­мен билік құры­лым­да­ры­ның тиім­ді жұмысы­ның нәти­же­сі. Оның қоғам­ның ең соңғы нүк­тесіне, дең­гей­іне дей­ін әсер етуі аса маңызды.

Пар­тия өзінің жал­пы ұста­ны­мын, ұра­нын «Таң­дай­мыз! Бақы­лай­мыз! Талап ете­міз!» деп айқын­дап отыр. Атал­мыш ұран­ның аста­рын­да үлкен мән барын былай­ғы жұрт түсі­неді деп ойлай­мын. Бұл үш сөздің өзін­дік құры­лым­дық бай­ла­ны­сы да зор. Әділ сая­сат­ты ұстанған жан бұл үше­уін бір-бірі­нен ажы­ра­та алмайды.

Таң­дай­мыз! – өз тағ­ды­ры­мы­зды өзі­міз шеше­міз деген сөз. Біз сай­ла­уда дауыс бер­ген кез­де кім­ді таң­дай­ты­ны­мы­зды айқын білуі­міз керек. Таң­дау – жай ғана бюл­ле­тень­ге бел­гі қою емес. Бұл – ертең­гі күні­міз­ге жау­ап­кер­шілік­пен қарап, таң­дау жасау.

Бақы­лай­мыз! – сай­лау өткі­зу­мен жұмыс аяқта­лып қал­май­ды. Біз уәде бер­ген адам­дар­дың сөзін­де тұрға­нын, бюд­жет қар­жы­сы­ның қай­да жұм­са­лып жатқа­нын, мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың қалай орын­да­лып жатқа­нын бақы­ла­у­ға құқы­лы­мыз. Өйт­кені билік – халы­қтың қыз­мет­шісі. Егер халық бақы­ла­ма­са, жау­ап­сыздық пен жемқор­лы­ққа жол ашы­ла­ды. Сон­ды­қтан біз халы­қ­пен бір­ге бақылаймыз.

Талап ете­міз! – егер билік өз мін­детін орын­да­ма­са, халық үнсіз отыр­мауы керек. Әділ шешім қабыл­да­уды, ашық есеп беруді, сапа­лы білім мен меди­ци­наға қол­жетім­ділік­ті, таза ауыз суды, қауіп­сіз орта­ны талап ету – әр аза­мат­тың заң­ды құқы­ғы. Есте сақтай­тын бір дүние – талап ету жан­жал шыға­ру емес. Ол – Кон­сти­ту­ци­я­мен беріл­ген аза­мат­тық құқық.

Әділет­ті мем­ле­кет­те ең алды­мен жемқор­лы­қ­пен ымы­раға жол беріл­ме­уі керек. Қаза­қстан­да жемқор­лық жай ғана құқық бұзу­шы­лық емес, ол эко­но­ми­ка­лық өсім­ді тежей­тін, халы­қтың мем­ле­кет­ке деген сені­мін жоя­тын ең қауіп­ті кесел­дер­дің біріне айналға­ны рас. Мем­ле­кет­тік сатып алуға бөлін­ген мил­ли­ард­таған қар­жы­ның қай­да жұм­салға­нын халық мүл­де біл­мей­ді. Осы­дан кей­ін халы­қтың күмәні де, сенім­сізді­гі де пай­да болып оты­рға­ны анық. Толы­қтай ашы­қтық жоқ жер­де күмән де көбейеді.

Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дағы сатып алу рәсім­дері, қар­жы­ға қаты­сты жүй­е­лер толық цифр­ла­нуы қажет. Бұл тех­ни­ка­лық жаңа­лық қана емес, қоғам­дық бақы­ла­уды күшей­тудің де тиім­ді теті­гі бол­мақ. Жасалған әрбір келісім­шарт, әрбір бюд­жет шығы­ны қоға­мға ашық болған­да ғана жемқор­лы­қтың жолы кесіл­мек. Бұл мәсе­ле тұрғы­сы­нан, әсіре­се ірі көлем­де­гі қар­жы айна­лы­мы­на ие ұлт­тық хол­динг­тер, «Бәй­те­рек», «Самұрық-Қазы­на» сын­ды ұйым­дарға да қатысты.

Бұл мәсе­ле төңіре­гін­де жуы­қта өткен Ұлт­тық теле­де­бат­та ЖСДП төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Таза­бек Сәм­бет­бай өте орын­ды пікір айтты.

«Біз мем­ле­кет­тің ірі қар­жы­лық ұйым­да­ры­ның жұмысын қоғам тара­пы­нан бақы­ла­нуын қол­дай­мыз. «Бәй­те­рек», «Самұрық-Қазы­на» сын­ды ұйым­дар­дың маңы­зды­лы­ғын көріп оты­рға­ны­мыз жоқ. Мұн­дай ұйым­дар­ды мем­ле­кет тара­пы­нан халы­қтың қар­жы­сы­на ұстап тұрған­ша, олар­ды тара­ту керек неме­се жеке мен­шік­ке беру маңы­зды. Халы­қтың қар­жы­сы мұн­дай ірі құры­лым­дар­дың айна­лы­мын­да жүруі дұрыс емес», – деді. Бұл басым­дық пар­ти­я­ның сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сын­да да нақты жазылған.

Сол сияқты жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­ды күшей­ту де – демо­кра­ти­я­ның басты тала­бы. Мыса­лы, алы­стағы ауыл­дың мәсе­лесін қала­дағы әйнек каби­нет шешпе­уі тиіс. Өңір­дің дамуы тура­лы шешім­дер сол өңір тұрғын­да­ры­на жақын жер­де қабыл­да­нуы қажет. Бұл да ЖСДП бағ­дар­ла­ма­сын­да айқын көзделген.

Әкім­дік­тің бюд­жеті халы­қтан жасы­рын бол­мауы керек. Себебі бюд­жет – билік­тің емес, салық төле­ушінің ақша­сы. Ал халық өз қар­жы­сы­ның қалай жұм­са­лып жатқа­нын білу­ге толық құқы­лы. Міне, талап етудің тағы бір қағи­да­сы осы.

Бұл – шын мәнін­де­гі жау­ап­ты мем­ле­кет­тің көрінісі.

Эко­но­ми­ка халы­ққа қыз­мет етуі тиіс

Қаза­қстан табиғи ресур­старға бай мем­ле­кет болға­ны­мен, қоғам­дағы әле­умет­тік теңсіздік әлі де күр­делі күй­де қалып отыр. Құзыр­лы орын­дар­дың ел эко­но­ми­ка­сы­на бай­ла­ны­сты бер­ген ресми мәлі­мет­теріне қара­сақ, жағ­дай Еуро­па­ның қарқын­ды түр­де дамы­ған мем­ле­кет­тері­мен тере­зе­міз тең сияқты ұқсай­ды. Осын­дай көр­сет­кі­ш­тер жари­я­ланған сай­ын, қара­пай­ым халы­қтың көкей­ін­де бір ғана сұрақ туын­дай­ты­ны анық.

Біз­де эко­но­ми­ка өсіп жат­са, онда неге халы­қтың тұр­мысы соған сай болмайды?

Пар­ти­я­ның пай­ым­да­уын­ша, мәсе­ленің түп-төр­кіні ұлт­тық бай­лы­қтың әділет­сіз бөлі­нуін­де. Ұзақ жыл­дар бойы қалып­тасқан моно­по­ли­я­лар мен оли­го­по­ли­я­лық құры­лым­дар еркін бәсе­кенің дамуы­на мүм­кін­дік бер­меді. Нәти­же­сін­де шағын және орта биз­нес әлсіреді, ал тұты­ну­шы­лар қым­бат­шы­лық жағ­дай­ын­да өмір сүру­ге мәж­бүр бол­ды. Сон­ды­қтан ква­зи­мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­ды қысқар­тып, заң­сыз жеке­ше­лен­діріл­ген актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру аса маңы­зды бол­мақ. Бұл өткен­мен есеп айы­ры­су емес, қоғам­дық әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тірудің маңы­зды тетігі.

Бірақ бұл про­цесс заң үстем­ді­гіне сүй­еніп, ашық әрі әділ жүр­гізілуі қажет. Мем­ле­кет­тік сая­сат­тың түп­кі мақ­са­ты – эко­но­ми­ка­лық ресур­стар­дың халық игілі­гіне жұмыс істе­уін қам­та­ма­сыз ету. Ал ЖСДП өз бағ­дар­ла­ма­сын­да осы­ны ұсынады.

Бір сөз­бен айтқан­да, эко­но­ми­ка­лық әділет­тілік әле­умет­тік әділет­тілік­пен қатар жүруі тиіс.

15 науры­зда қабыл­данған жаңа Кон­сти­ту­ци­я­мы­здың 8‑бабының 3‑тармағында: «Жер жəне оның қой­на­уы, су көз­дері, өсім­дік­тер мен жану­ар­лар дүни­есі, басқа да табиғи ресур­стар халы­ққа тиесілі. Халық аты­нан мен­шік құқы­ғын мем­ле­кет жүзе­ге асы­ра­ды. Жер заң­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­де, шар­ттар мен шек­тер­де жеке мен­шік­те де болуы мүм­кін», – деп нақты­ла­нып отыр.

Ата Заң­да айты­лған­дай, Қаза­қстан­ның табиғи ресур­ста­ры­ның түп­кі иесі – халық екені айқын бекітіл­ді. Бұл нор­ма мем­ле­кет­ке тек мен­шік иесінің өкілі болу құқы­ғын ғана емес, ұлт­тық бай­лы­қтың әрбір аза­мат­тың игілі­гіне әділ әрі тиім­ді қыз­мет етуін қам­та­ма­сыз ету мін­детін де жүк­тей­ді. Сон­ды­қтан табиғи ресур­стар­ды басқа­ру­дағы басты өлшем – жеке­ле­ген топ­тар­дың емес, бүкіл қоғам­ның мүд­десі болуы тиіс. ЖСДП осы­ны айтып отыр. Бұл мақ­сат­ты пар­тия осы уақыт­тар ара­лы­ғын­да үздіксіз қол­дап келді.

Осы тұрғы­дан алған­да, ЖСДП ұсы­на­тын ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­ды оңтай­лан­ды­ру, заң­сыз жеке­ше­лен­діріл­ген актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру, ұлт­тық бай­лы­қты ашық әрі әділ басқа­ру баста­ма­ла­ры Кон­сти­ту­ци­я­ның осы қағи­да­ты­мен толық үндеседі. Бұл өткен­ді қай­та қарау емес, қоғам­дық сенім­ді нығай­тып, эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік әділет­тілік­ті орны­қты­руға бағыт­талған мем­ле­кет­тік сая­сат­тың маңы­зды бағы­ты. Олай бола­ты­ны – халы­ққа тиесілі бай­лық халы­қтың әл-ауқа­тын арт­ты­руға қыз­мет еткен­де ғана Кон­сти­ту­ци­я­ның мәні толық жүзе­ге аса­ды, аза­мат­тар­дың әле­уеті артады.

Таң­дай­мыз! Бақы­лай­мыз! Талап етеміз!

ЖСДП-ның ұста­ны­мы да осы.

Әділет­ті мем­ле­кет ешқа­шан өзді­гі­нен пай­да бол­май­ды. Оны өз құқы­ғын білетін, билік­тен есеп сұрай­тын және ел тағ­ды­ры­на бей­жай қара­май­тын аза­мат­тар ғана қалып­та­сты­ра алады.

Республиканский еженедельник онлайн