Четверг , 11 июня 2026

«ЖҰМЫЛУ» МЕН «ЖҰТЫЛУ» – әркім жеке пайымымен түйсінетін үрдіс 

  • Қоғам­да «Ама­нат» пен «Әділет» пар­ти­я­ла­ры бірі­геді екен деген сөз бар. Бұл тура­сын­да «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның өткен апта­да болған сая­си кеңесі­нен тараған ақпа­рат­та сараң да бол­са, біраз сөз айтыл­ды. Осы тұрғы­да біздің газет ой-жоба­сын білу үшін Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи мыр­за­мен сұх­бат­тасқан еді.

– Елдің сая­си аре­на­сын­да пар­ти­я­лық-рекон­струк­ци­я­лық өзгерістер басталған сияқты: сіз екі билік­тік пар­тия – «Ама­нат­тың» «Әділет­ке» қосы­луы тура­лы баста­маға орай қан­дай пікір айтар едіңіз?

– Ең алды­мен мен «қосы­лу» деген сөз­ге тоқта­ла кет­кім келеді. Бұл «кон­со­ли­да­ция» деген тер­мин­нен тарай­тын «қосы­лу» ма, «топ­та­су» ма, «жұмы­лу» ма, «бірі­гу» ме? Қазір­дің өзін­де бұны сарап­шы­лар әртүр­лі мән-маз­мұн­да баға­лай бастады.

Деген­мен, «Ама­нат­тың» баста­ма­сы­мен пай­да болған бұл өзгеріс­ке мен сәл басқа­ша­лау баға бер­гім келеді. Биы­лғы қыс-көк­тем кезін­де­гі пар­ла­мент­тік рефор­ма бары­сын­да «жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­данған соң, біз «ескі Қаза­қстан­мен қошта­са­мыз» деп, мик­ро-ФБ-пост жазға­ным­да, біраз «диу­а­ни-даны­шпан­дар» менің осы пікірім­ді әжуә қылғы­сы кел­ген еді! 

Енді, міне, елде етек ала бастаған сая­си өзгерістер­дің келесі пакеті сол пікір­дің дұры­сты­ғын дәлел­де­ген сияқты. Бұл баста­ма­ны қалай десек те, «Отан» мен «Нұр Отан­ның» мирасқо­ры болған «Ама­нат­тың» мұра­сы­нан сая­си билік­тің түбе­гей­лі ары­луы деп түсі­ну керек. «Ескі Қаза­қстан­мен» қош айты­су­дың, жасам­паз бола­шаққа ұмты­лу­дың сая­си-идео­ло­ге­ма­лық негіз­де­ме қағи­да­ты осы топ­та­су­дан бастал­са керек.

– Әрине, қоғам үшін қара­пай­ым сөз – «қосы­лу» тура мағы­на­лы түсінік­ті біл­діреді: әзіл­деп айт­сақ, бәрі­міз­ге мәлім жапа­лақ пен тастың қаты­суы­нан туа­тын жағ­да­ят сияқты…

– Әлбет­те, қалай десек те, бұл ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың баста­ма­сы­мен пай­да болған өзгеріс екені дау­сыз. Бұл орай­да Пре­зи­дент­тің «Рәміз­дер күнін­де» сөй­ле­ген сөзі біздің ақыл-сана­мы­зды біраз ой-топ­шы­ға жете­лей­ді. Бұл ара­да бірін­ші кезек­те біз «ай мен күн­нің ама­нын­да» кенет­тен пай­да болған ішкі өзгерістер жаңа сыр­тқы құбы­лы­стар нәти­же­сін­де пай­да болған тәу­е­кел­дер­мен бай­ла­ны­сты болу мүм­кін­ді­гін де еске­руі­міз керек.

– Бірақ «Ама­нат­тың» «қосы­луы» дей­міз бе, әлде «бірі­гуі» бола ма – пар­ти­я­ның сая­си кеңесі өткіз­ген жиын­нан тараған мәлім­де­ме мен ақпа­рат­та «ескі­ден құты­лу» тура­сын­да сөз болған жоқ қой?

– Бірін­ші­ден, бұл – «Ама­нат­тың» баста­ма­сын сара­лай кел­ген­де туған менің жеке тұжы­ры­мым деп біліңіз. Өзіңіз ойлап көріңіз­ші: неге керісін­ше бол­ма­ды, «Ама­натқа» қосы­лу баста­ма­сын «Әділет» неге көтер­меді? Жаман-жақ­сы бол­сын, 30 жыл­дық тарихы бар пар­тия неге осы топ­та­суға кіріп­тар болды?

Яғни, бұны «ескі мұра­дан» сыты­лып шығу бары­сын­дағы сая­си өзгерістер­дің кезек­ті саты­сы­на көтері­лу тұрғы­сын­дағы еле­улі пре­зи­дент­тік баста­ма деп түсін­ген абзал. Қалай болған­да да, Пре­зи­дент «ескі­мен» қош айты­сып, сая­си аре­на­да жаңа пар­ти­я­мен алға ілгеріле­уді күйт­те­ген мем­ле­кет­тік сая­сат­тың кезек­ті тиегін ағы­тқан сияқты.

Екін­ші­ден, «ескі­ден құты­лу» тұрғы­сын­да сөз болған жоқ» дегеніңіз­ге орай айта­рым: сая­сат­та ашық айтыл­май­тын, мәтін­нің аста­ры­нан суырт­пақтап алы­на­тын сөз­дер бола­ды. «Ама­нат­тың» ішкі кор­по­ра­тив­тік ұста­ны­мы­нан азат адам болған­ды­қтан, мен өз ой-топ­шым­да осы­лай айтып отырмын.

– Сіз айтып оты­рған «ілгеріле­у­ге» бұры­нғы «Ама­нат­пен» бір­ге бар­сақ бол­мас па еді? «Үй іші­нен үй тігу» қан­ша­лы­қты қажет болды?

– Жоға­ры­да бұл қажет­тілік қағи­да­сы тура­лы бірер ойым­ды айт­тым. Жазып айта­тын­дай, мен Пре­зи­дент­тің «ішіне кіріп шыққан» жоқ­пын… /күл­ді/. Қалай десек те, жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­данған соң, зырыл­даған заман­ның жуық жыл­да­ры­на жаңа ори­ен­тир­лер бел­гі­ле­ну керекті­гі – дәлел­де­уді қажет етпей­тін талап.

Екін­ші­ден, билік­тің қыр арқа­сын берік ұстап кел­ген «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның кеше ғана пай­да болған «Әділет­тің» төңіре­гіне топ­та­су (кім қалай қалай­ды – кон­со­ли­да­ция, шоғыр­ла­ну, бірі­гу, т.т.) иде­я­сы «ескі­мен қошта­су­дың» сая­си тұрғы­дағы баста­ма­сы екенін тағы да дал-дұл боп дәлел­деу қажет емес. Қалай болған­да да, бұл баста­маға «бесік­те­гі» «Әділет» емес, қырым-ырым­ның бәрі­нен өткен «Ама­нат­тың» баста­ма­шы­лық жаса­уы сим­во­ли­ка­лық мән­ді біл­діреді деп білем. Бұны ел Пре­зи­ден­тінің баста­ма­сы­на жау­ап ретін­де­гі елдік пен мем­ле­кет алдын­дағы сая­си жау­ап­кер­шілік­тен туған шешім деп бағалаймын.

Үшін­ші­ден, кенет­тен көтеріл­ген бұл үрдіс «ама­нат­ты­қтарға» да оңай­ға тиме­ген сияқты. «Жер Ама­на­ты» (ескі билік кезін­де талан-тара­жға түс­кен 13 млн гек­тар жер мем­ле­кет­ке қайт­ты), «Тұрғын­дар Ама­на­ты» сияқты үлкен пар­ти­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды ұйым­да­сты­рып, олар­дың басы-қасын­да болған пар­тия жетек­шісі Ерлан Қоша­но­втың ішкі көңіл-күйі жан раха­ты­на бат­ты деп айта алмай­мын. Әрине, мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сын­да ол да бұл баста­ма­ны толық қол­да­ды деп білем.

Пар­ла­мент­те ара­лас-құра­лас қыз­мет етіп жүр­ген­дік­тен, пар­ти­я­лық депу­тат­тар­дың біра­зы «1999 жыл­дан бері мүше­сі едім…» деп, қиналған түр­лерін көр­дім. Бірақ олар сая­си билік­тің бір­тұ­тас берік болуы­на мой­ын­сұнған­ды­қтын, ел Пре­зи­ден­ті тара­пы­нан туған иде­я­ны қабыл­дай­ды деп білем. Түп­теп кел­ген­де, бұл да аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­тің мін­деті бол­са керек…

– Ал «Ама­натқа» қаты­сы жоқ сіз бұны қалай қабылдадыңыз?

– Егер екі пар­ти­я­ның жуық күн­дер­де өтетін съез­дерін­де билік­тік сая­си күш­тер­дің топ­та­суы ресми түр­де жүзе­ге аса­тын бол­са, бұған қар­сы ала­бө­тен пікір айту­дың реті бол­май­ды: «көп­ке топы­рақ шаша алмай­сың»! Әрине, «қырқы­нан енді шыққан» жаңа сая­си құры­лым – «Әділет» пар­ти­я­сын жер-көк­ке сый­ғы­з­бай мақта­уға әлі ерте. Ол өзінің сая­си маңы­зды­лы­ғы мен мем­ле­кет­тік-қоғам­дық сая­си күш ретін­де­гі қажет­тілі­гін келе­шек­те дәлел­де­уі керек. Бұл рет­те жаңа пар­ти­я­ның төраға­сы Айбек Дәде­бай мыр­за енді­гі кезек­те арқа­лап өтер жұмыстың ұшы-қиы­рын бағам­дау да оңай емес…

Бұл ара­да елде­гі сая­си құры­лым­дар­дың аван­гард күш­терін жаңа гео­са­я­си тәу­е­кел­дер алдын­да билік­тің төңіре­гіне топ­та­сты­ру жөнін­де­гі жаңа баста­ма­ны бірін­ші кезек­те атап өту керек. Қоғам­да Назар­ба­ев­тық режим­мен сабақ­тас сана­лып кел­ген соңғы сая­си мұра­ны және менің түсіні­гім­де мем­ле­кет­тік орга­низм­ге тас кене­дей жабысқан мерезді «жұлып тастау» баста­ма­сын толық қол­дай­мын! Дәл осы тұрғы­дан және ауы­зекі қара­бай­ыр тіл­мен айтар бол­сақ, мен бұл сая­си про­це­сті «жұмы­лу» деуден бұрын, «ескі жүй­енің» жаңа және жасам­паз сая­сатқа «жұты­луы» деп атар едім.

Ең маңы­здысы – сыр­тқы қатер­лер ушы­ға түс­кен кез­де еге­мен ел ретін­де біз ешкім­ге жал­тақта­май, өзі­міздің тәу­ел­сіз ішкі және сыр­тқы сая­са­ты­мы­зды берік әрі табан­ды түр­де жасақта­уы­мыз керек. Бүгін­де әлем­де қалып­тасқан жаңа құбы­лы­стар бары­сын­да билік пен қоғам­ның мей­лін­ше тұта­сты­ғын қалып­та­сты­ру – пікір­та­лас тудыр­май­тын қағида.

– Сіздің­ше, осы «жұты­лу» үдерісінің нәти­же­сін­де сая­си билік бұры­нғы­дан да күшей­ді деген пікір­ге алып-қоса­ры­ңыз бар ма?

– Бұл сұрағы­ңы­зға орай қай­та­лап айтай­ын: әлем­дік қарым-қаты­на­стар тәр­тібі күрт өзгеріс­ке ұшы­раған қазір­гі кез­де Қаза­қстан халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­дың тәу­ел­сіз субъ­ек­тісі ретін­де өзінің мем­ле­кет­тік қауіп­сізді­гі мен елдік билі­гін күшей­ту­ге сөз­сіз мін­дет­ті. Бұл – ұлт­тық мін­дет және оған әсіре­се сырт­тан ешкім­нің тала­сы бол­мауы керек. 

Бүгін­гі әлем­та­пы­рық дүни­е­мен салы­сты­рып қарай­тын бол­сақ, біз­ге ұлт­тық мүд­де­ден артқан ешқан­дай құн­ды­лық қажет емес! Біздің елдік бір­лі­гі­міз­ге «том­пақ» келетін жеке­ле­ген кон­вен­ци­я­лық талап­тар­дың орын­да­луын кей­ін­ге сыра тұра ала­мыз. Ал өрке­ни­ет көшін­де біздің елдік керу­ені­міз кен­де қал­мауы, тіп­ті әлдебір тәу­е­кел­дер­дің кесірі­нен тепе­ріш көр­ме­уі тиіс!

Осы пай­ым­мен баға­лай­тын бол­сақ, бүгін­де билік сая­си тұрғы­да бұры­нғы­дан да моно­лит­ті, құры­лым­дық тұрғы­да бір­тұ­тас болуы тиіс! Ешкім­ге, ескілер­ге де, сыр­тқа да, онлайн осқы­ры­ну­ларға да елең­де­мей, ел тәу­ел­сізді­гінің тұрақты­лы­ғы үшін ішкі идео­ло­ги­я­лық сая­сат­ты бір жұды­ры­ққа жұмыл­ды­ру қауырт қажет­тілік­ке айналға­нын бәрі­міз түй­сіне біл­гені­міз жөн.

• /Сұхбаттың жалға­сын газет­тің келесі номері­нен оқи аласыздар/

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ, газет­тің бас редакторы

Республиканский еженедельник онлайн