Вторник , 7 июля 2026

ДАЛА ФЕНОМЕНІ

Қазақ елінің ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­ның бірі бала­ның әже-ата­сы­ның бауы­рын­да өсуі. Әсіре­се әже тәр­би­есі ерекше инсти­тут. Мен Дима­шты өте жақ­сы демей­ін, бірақ өнер­де жүр­ген соң біле­мін. Жүріс-тұры­сын, репер­ту­а­рын, киген киімін, сөй­ле­уін қарап оты­рамын. Бүгін­де қазақ елін, Қаза­қстан­ды төрт­күл дүни­е­ге паш етіп жүр­ген Ұлан­ды көз­ден таса етпей­тіні­міз хақ. Ең алды­мен оның бой­ын­дағы қаза­қи тәр­бие, өзін-өзі ұста­уы, ана тілін­де анық та ақыл­мен сөй­ле­уі, осы­ған дей­ін­гі «адам болу үшін орыс­ша раз­го­во­ри­вать ету қажет» деген миф­ті күл талқан етуі – ғажай­ып құбы­лыс…

«Дима­штың фено­мені неде?» деген сұрақ кез кел­ген адам­да болуы мүм­кін. Мен де осы­ны білу­ге тыры­стым. Ең бір қызы­ғы Димаш вун­дер­кинд болған жоқ. Мек­теп­те көп бала­ның бірі бол­ды, қол­ды-аяққа тұр­май өсті, доп теп­ті, дом­бы­раға қаты­сты. Таэквон­до­мен теп­кіле­сті, доста­ры­мен ертеңді-кеш қуа­ла­сып ойнаған көп бала­ның бірі бол­ды. Тек бір нью­анс бол­ма­са… Ол өнер­ге, әнге құмар боп өсті. Әнші болу – оның ең басты арма­ны бол­ды… Себебі шеше­сі Све­та әнші бол­са, әкесі Қанат та сон­дай… Ата­сы Құдай­бер­ген де дом­бы­ра­ны жақ­сы шер­те­ді… «Ұяда не көр­се, ұшқан­да соны іледі» деген осы. Әкенің бой­ын­дағы қағы­лездік пен ана­сы­ның өзе­гін­де­гі сезім­тал­дық Дима­шқа дары­ған. Сон­ды­қтан да оның әнге көңілі ерте ауды. Мек­теп­те анда-сан­да өтетін кон­церт­ті сағы­на­тын… Димаш бұл сәт­те бәрін-бәрін ұмы­тып, басқа бір әлем­ге, қиял-ғажай­ып дүни­е­ге еніп кету­ші еді… Кон­церт­тен кей­ін оны «мама­сы» алып қай­та­тын. Мама­сы – Миуа әже­сі… Миуа Мүба­рак­шақы­зы көп сөй­ле­мей­тін, көр­ген-біл­гені мол қара­пай­ым ана­лар­дың бірі. Ол кісінің тарихы, ата­ла­ры­ның сонау сұра­пыл кезең­дер­де Шалқарға келуі – бөлек сюжет, бір кіта­пқа сый­май­тын әңгі­ме. Бой­ын­дағы тәр­би­елік пен шығыс қызда­ры­на тән ұяң­дық, қара­пай­ым­ды­лық, жай ғана сөй­леп илан­ды­ру, көп нәр­сені көз­бен ұғын­ды­ру – ол кісінің бол­мысы. Және ең басты­сы – оны-мұны нәр­се­ге мақта­на қой­май­тын адам… Өмір­де­гі ең үлкен мис­си­я­сы – жары Құдай­бер­ген мен бала-шаға­сы­ның қамы ғана дей­тін… Шақа­лақ кезі­нен бауы­ры­на басқа­ны – осы Дима­шы. Оған айтқан ерте­гі, аңыз, оқы­ған кіта­бы мен Құде­кеңнің шерт­кен күйі осы Димаш­сыз бол­май­тын. Неме­ресін кіш­кен­тай кезі­нен Ақтө­бе­де­гі музы­ка мек­тебін­де­гі фор­те­пи­а­ноға сүй­реді… Тіп­ті дема­лыс кезін­де мұғалі­мін үйге шақы­рып, музы­ка­дан қол үздір­меді. Басын­да айтқан әже­лер инсти­ту­ты­ның мағы­на­сы да, мәні де, міне, осын­да жатыр…

Шоқан Уәли­ха­нов – Абы­лай хан­ның шөбе­ресі. Бала кез­ден әже­сінің бауы­рын­да өскен. Айға­ным Сарғал­даққы­зы – қазақ тарихын­да әлі күн­ге дей­ін өз орнын ала алмай келе жатқан кей­у­а­на. Уәли хан қай­тыс болған соң, Айға­ным Ресей пат­ша­сы­мен қарым-қаты­на­сын жоғалт­паған тұлға. Беделін түсір­мей, бала-шаға­сы­ның білім алуы­на, әсіре­се неме­ресі Шоқан­ның оқуы мен тәр­би­есіне ерекше көңіл бөл­ген дана әйел. Сон­ды­қтан да Алек­сандр бірін­шінің кезін­де Қызы­л­жар­дың маңай­ы­нан Айға­ны­мға арнайы рези­ден­ция салып беруі бекер­ден-бекер емес. Шоқан­ның ғалым болып қалып­та­суы­на үлкен ықпал еткен – Айға­ным әже­сі, тарих­шы­лар айтқан Дала Патшайымы…

Айға­ным көзі ашық, көкіре­гі ояу, ел тарихын, ата­сы Абы­лай­дың ерлі­гі мен есі­мін қаси­ет тұтып айтып оты­ра­тын көре­ген болған. Аңыз-дастан­дар­ды жатқа соға­тын сол кезең­де­гі әнші-жыра­у­лар Айға­ным­ның ота­уы­нан шық­пай­тын. Бала Шоқан­ның тарих пен ғылы­мға бет бұруы, міне, сон­да жатыр…

Әже мен неме­ре жай­лы жақ­сы әңгі­ме жарасқан­да, Абай мен Зерені аттап өту мүм­кін емес. Зере – Құнан­бай­дың шеше­сі. Алай­да тарих­та Абай­дың әже­сі деп қалуы қан­дай жара­сым­ды. Абай­дың бала кез­ден тың­даған ерте­гі-аңы­зда­ры, сал сері мен жыра­у­лар­дың Зеренің шаңы­рағын­да айлап жатуы – бұл дала­лық мәде­ни лек­ци­я­лар еді… Осы орай­да Зере әже­сінің сіңір­ген еңбе­гі ұшан теңіз. Сон­ды­қтан оқу­дан кел­ген Абай­дың әже­сіне мауқын баса алмай, Зерені үшкіріп «емде­уі» – осы­ның жемісі…

Иузи – рәу­шан, көзі – гәуһар,

Ләғил­дек бет үші әхмәр.

Тамағи қар­дан әм биһтар,

Қашың құд­рет, қоли шигә.

Өзәң гүзәл­лә­ра рәһбар,

Сәңә ғишық болып кәмтар,

Сүләй­мән, Ямшид, Искандәр,

Ала алмас бар­ша мүлкигә.

Бұл – бала Абай­дың әже­сіне арнаған алға­шқы ода­сы еді..

Димаш әлі жас. Оты­зын­да Орда емес, Орби­та­да ойран салған оғлан. Оның бой­ын­дағы ең үлкен қаси­ет – Кісілік пен Кішілік. Және Отан сүй­гіш пат­ри­от­ты­ғы… Бүгін­де кей­бір екі аяқты­лар Дима­шты көре алмай, сыр­ты­нан ғай­бат сөз айта­ды. Қан­дай сор­лы­лық… қан­дай іштар­лық… Абай мен Шоқан­ды, Мұх­тар мен Күлә­шті, Мұқаға­ли мен Шәм­шіні аямаған – дәл осын­дай пен­де­лер мен кенделер…

Әлі есім­де, Дима­штың Қытай­дағы үлкен кон­кур­сқа қаты­суы. Бірін­ші тур, екін­ші, үшін­ші… Міне, сон­да Димаш алғаш рет Қаза­қтың басын бірік­тір­ді. Бұл Абы­лай арман­даған ақ күн­дер бола­тын… Димаш мил­ли­ард қытай­дың ішін­де бұлт­тан шыққан күн­дей жарқ ете қал­ды. Тек талан­ты ғана емес, оның сахна­дағы сән­ділі­гі, өзін-өзі ұста­уы, қазақ екен­ді­гіне қом­сын­бай, керісін­ше, мақта­ныш етуін­де бола­тын… Осын­дай­да, пен­де­міз ғой, қиял­дап кете­мін… Бауы­р­жан ата­сы тірі болған­да, қан­дай қуа­нар еді, бол­ма­са Қона­ев болған­да, «аттас балам» деп бауы­ры­на басар еді-ау дей­мін іштей… Дима­шты тек кон­кур­стар ғана емес, біздің қоғам да өсір­ді, тәр­би­е­леді… Бүгін­де әзіл әңгі­ме­ге айналған Алма­ты­дағы кон­кур­ста Ринат Заи­тов пен Бағым Мұхит­де­но­ва Дима­шқа біраз сын айт­ты… Бүгін­гі күн­нің биі­гін­де оты­рып, күл­ген бола­мыз. Алай­да бұл жоба Дима­шты шың­да­ды. Махам­бет айтқан «Қай­ра­саң, қай­та жетіл­дім…» бол­ды. Ал Қытай­дағы кон­кур­ста ол қай­та түледі. Дима­штың өзі де, сөзі де, ойы да, бойы да өсті. Ол бала кез­ден бой­ы­на сің­ген тәр­бие бола­тын. Қаза­қи Дала инсти­ту­ты­ның тәрбиесі-тін.

Бүгін­де қоғам тез өзге­ру­де. Әсіре­се соңғы отыз жыл­да қарқын­дап дамы­ды. Алай­да өзгер­мей­тін құн­ды­лы­қтар бола­ды. Ол Күн мен Түн­дей. Жер мен Судай. Ада­ми қаси­ет­тер… Яғни, о баста Жаратқан­нан келе жатқан мей­ірім, махаб­бат, адам­ды қадір­леу, сүю, сый­лау. Соның бірі – әже мен неме­ренің қарым-қаты­на­сы. Бүгін­де әженің рөлін теле­фон мен «ТикТок» басқан­да, ертең­ге амал­сыз алаң­дай­мыз. Бола­шақта Абай мен Шоқан бол­ма­са, Димаш атта­стар келер, тек Зере мен Айға­ным, Миуа ана­ла­ры­мыз қашан келер деп алаң­дай­сың… Сон­ды­қтан болар, Ора­за­ның кезін­де­гі дұға­мы­зға Қаза­ққа Дима­шты тәр­би­е­леп бер­ген Миуа­дай апа­ла­ры­мыз көп бол­са екен деп тілейміз…

Талғат Теме­нов, Қаза­қстан­ның халық әртісі, кинорежиссер

Республиканский еженедельник онлайн