Четверг , 23 июля 2026

Әділетті Қазақстан ӘДІЛ САЙЛАУ арқылы құрылады

Міне, Жаңа Кон­сти­ту­ция негізін­де сай­ла­на­тын Құры­л­тай сай­ла­у­ы­на дәл бір ай уақыт қал­ды. Елі­міз­де мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін жетіл­ді­ру және халы­қтың сая­си шешім­дер қабыл­дау про­цесіне қаты­суын кеңей­ту мәсе­лесі тұрғы­сы­нан бұл өте маңы­зды сая­си науқан. Бұл баста­ма қоғам­да қызу пікір­та­лас туғы­зып, сая­сат­та­ну­шы­лар мен сарап­шы­лар ара­сын­да түр­лі көзқа­рас­тар қалып­та­стыр­ды. Бір тарап Құры­л­тай халы­қтың мүд­десін тиім­ді жет­кі­зетін жаңа демо­кра­ти­я­лық алаң бола­ды деп есеп­те­се, тағы бір тарап оның нақты өкілет­ті­гі мен сай­лау тетік­тері айқын­дал­май­ын­ша, күт­кен нәти­же­ге қол жет­кі­зу қиын екенін алға тартады.

Құры­л­тай ұғы­мы қазақ тарихын­да ежел­ден бел­гілі. Дәстүр­лі қоғам­да маңы­зды мем­ле­кет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу үшін билер, батыр­лар және ру басы­ла­ры жина­лып, ортақ шешім қабыл­дай­тын болған. Қазір­гі кезең­де бұл идея жаңа­ша сипат алып, қоғам­дық пікір­ді жинақтай­тын өкілет­ті орган ретін­де қарас­ты­ры­лу­да. Егер Құры­л­тай­ға кеңірек өкілет­тік беріл­се, ол заң шыға­ру баста­ма­ла­рын талқы­ла­у­ға, мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың орын­да­луын баға­ла­у­ға және қоғам­ның түр­лі топ­та­ры­ның пікірін билік­ке жет­кізу­ге мүм­кін­дік береді. Сон­ды­қтан алдағы сай­лау тек жаңа өкіл­дер­ді таң­да­у­мен ғана шек­тел­мей, елде­гі сая­си рефор­ма­лар­дың маңы­зды кезеңіне айна­луы мүмкін.

Сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев­тың пікірін­ше, кез кел­ген жаңа сая­си инсти­тут­тың тиім­ділі­гі оның ата­уы­на емес, нақты өкілет­тік­теріне бай­ла­ны­сты. Оның айтуын­ша, Құры­л­тай шынайы қоғам­дық пікір­дің алаңы­на айна­луы үшін, оның мүше­лері ашық әрі әділ сай­ла­нуы қажет.

Сарап­шы сон­дай-ақ сай­лау про­цесінің барын­ша жария болуы, кан­ди­дат­тар­дың тең мүм­кін­дік­тер­ге ие болуы және аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің бел­сен­ді қаты­суы маңы­зды екенін атап көр­сет­ті. Егер бұл талап­тар орын­дал­са, Құры­л­тай халық пен билік ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты күшей­тетін маңы­зды инсти­тутқа айна­луы ықтимал.

 Бұл­жер­де оның «ашық әрі әділ сай­ла­нуы қажет» деген пікірі өте өзек­ті. Дәл сон­дай жағ­дай­да ғана халы­қтың сая­си шешім­дер қабыл­дау про­цесіне қаты­суы нақты көрініп, оның нәти­же­сі де жоға­ры бола­ты­ны күмән­сіз. Ал сай­лау ашық та әділ өтуі үшін не қажет?!

Біздің­ше, бірін­ші кезек­те сай­лау комис­си­я­сы­ның құра­мын негізі­нен мұғалім­дер­ден жасақта­уды күрт доға­ру керек. Себебі қоғам­да ең абы­рой­лы, ең бедел­ді маман­дық иелері сана­луы тиіс жан­дар­ды сай­лау қоры­тындыс­ы­на басты жау­ап­кер ретін­де тағай­ын­дап, қан­ша­ма жыл­дар бойы біз керісін­ше олар­дың абы­рой-беделін төмен­детіп келдік.

Шынын айтай­ық, Қаза­қстан­да тұрғын­дар­дың тіп­ті үштен бірі де сай­лау учас­ке­леріне барып, өздерінің кон­сти­ту­ци­я­лық мін­детін атқар­май­ды. Осы­ның өзі аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік тұрғы­сы­нан үлкен қателік. Есесіне біз әр сай­ла­удан кей­ін оған 75–97 пай­ыз сай­ла­у­шы қаты­сқа­нын, бұл науқан бар­лық сай­лау учас­ке­лерін­де үлкен ұйым­шыл­дық, көтеріңкі көңіл-күй­мен өткенін естиміз.

Бүкіл халық қоғам­ның тыныс-тір­шілі­гін әле­умет­тік желі, БАҚ және басқа ақпа­рат­тық құрал­дар арқы­лы бақы­лап оты­рған заман­да бұл өтірік­ке кім сенеді? Ал сол ақпа­рат­ты дай­ын­дап, ұсы­нып оты­рған кім? Тағы сол мұғалімдер!..

Сая­си науқан­ның жұмысын қам­та­ма­сыз ету, оның нәти­же­сін шыға­ру ­– мұғалім­нің мін­деті емес, ол – сая­си пар­ти­я­лар­дың жұмысы! Енде­ше учас­келік, округ­тік, тіп­ті Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның құра­мы сая­си пар­тия мүше­лері­нен сай­ла­нуы тиіс! Бұл бір жағы­нан мұғалім­дер­ді абы­рой­сызды­қтан қорға­са, екін­ші жағы­нан сая­си пар­ти­я­лар­дың бел­сен­ділі­гі мен жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­руға ықпал ететіні анық. Осы­лай біз ешқан­дай пар­ти­яда жоқ мұғалім­ді сая­си науқан­ның жау­ап­кер­шілі­гі­нен құтқа­рып, бұл жүк­ті өздерінің мақ­сат-мүд­десі, жарғы­лық мін­дет­тері ретін­де бел­гіле­ген сая­си пар­ти­я­лар­дың мой­ны­на арта­мыз. Құры­л­тай тек пар­ти­я­лық тізім­мен сай­ла­на­тын болған­ды­қтан, бұл өте орын­ды әрі қисын­ды бола­ты­нын ешкім жоққа шыға­ра қоймас!

Сай­ла­удағы ең басты мәсе­ленің бірі – сай­ла­у­шы­лар­дың бел­сен­ділі­гі десек, бұл тұрғы­да да жаңа ұста­ным, жаңа­ша әре­кет керек. Атап айтқан­да, елі­міздің дауыс беру құқы бар әрбір аза­ма­ты сай­ла­у­ға сана­лы түр­де қаты­са­тын­дай жағ­дай қалып­та­суы тиіс. Ол үшін қан­ша­ма үгіт-наси­хат, түсін­ді­ру, ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры жүр­гізіледі, оның бәрі ел көле­мін­де қан­ша­ма қар­жы­ны талап ете­ді десек, тіп­ті қар­жы­лай қызы­қты­ру әдісін енгі­зу де артық етпей­ді. Бұл тұрғы­да өз пікірін айтып, нақты ұсы­ныс біл­діріп жүр­ген қатар­дағы қоғам мүше­лері де аз емес. Көбі бар­мақ ізін басу арқы­лы дауыс беру, әр аймақ үшін дер­бес дауыс беру бюл­ле­тенін дай­ын­дау, т.с.с. ойла­рын айтады.

Бірақ, менің ойым­ша, ең тиім­дісі – сай­ла­у­ға қаты­сып, дауыс бер­ген әр сай­ла­у­шы­ға бел­гілі бір мөл­шер­де сый­ақы төлеу! Өйт­кені бар­лық сай­лау әдет­те жек­сен­бі күні өте­ді. ҚР Еңбек заңы бой­ын­ша дема­лыс не мей­рам күн­дерін­де­гі еңбе­гі үшін кез кел­ген жұмыс­шы не қыз­мет­кер­ге екі есе жалақы төле­неді. Ал Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша Қаза­қстан халқы – мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы және Еге­мен­дік иесі. Сай­ла­у­ға толық қаты­су арқы­лы Ата заң­да бел­гі­лен­ген осы құзы­ретін нақты жүзе­ге асы­рып, елі­міздің даму бағыт­та­рын бел­гіле­у­ге тіке­лей ықпал еткені үшін неге халы­ққа әр сай­ла­уда сый­ақы төле­мес­ке! Айта­лық, әр сай­ла­у­шы­ға 10 мың тең­ге­ден төле­ген­нің өзін­де бес жыл­да бір өтетін сай­лау кезін­де шама­мен 1,4 трлн тең­ге ақша қажет бола­ды. Бұл ­– Қаза­қстан­дай бай мем­ле­кет үшін үлкен қар­жы емес, есесіне біз бүкіл халы­қтың сай­ла­у­ға қаты­суы­на және қалаған үміт­керіне дауыс беруіне қол жет­кі­зе­міз. Сон­да әр сай­лау мей­лін­ше бел­сен­ді әрі нәти­желі өтетін бола­ды. Халық мем­ле­кет аты­нан шешім қабыл­дап, өзінің бола­шақ даму бағы­тын айқындайды.

Қаза­қта «арзан­ның сор­па­сы таты­май­ды» деген кере­мет ұғым бар. Біз қан­ша жер­ден халы­қтың ұлт­тық сана­сы, сая­си сау­а­ты, құқы­қтық білі­мі арт­ты десек те, әлем­ді ақша биле­ген нары­қтық заман­да мате­ри­ал­дық құн­ды­лы­қтың бәсі жоға­ры күй­ін­де қала береді. Ал сол сана­ны тәр­би­е­леу неме­се сана­лы түр­де жүзе­ге асуы тиіс әре­кет­ті қар­жы­лық қызы­қты­ру арқы­лы жаса­ту­дың ешқан­дай сөкет­ті­гі жоқ. Ең басты­сы – халық толық қаты­са­ды және өз таң­да­уын жасайды.

Менің­ше, сай­лау әділ өтсін, ел тұрғын­да­ры барын­ша толық дауыс бер­сін десек, дәл осы сай­ла­уда бол­ма­са да, келе­шек­те осы тәсіл­ді енгі­зу­ден көп нәр­се ұтпа­сақ, ештеңе ұтылмаймыз!

Біздің қазір­гі мақ­са­ты­мыз – Заң мен Тәр­тіп қағи­дат­та­ры сал­та­нат құрған Әділет­ті Қаза­қстан құру. Бүкіл халқы­мыз арман­дай­тын ондай қоғам бірін­ші кезек­те әділ сай­лау арқы­лы құры­ла­ды. Енде­ше алдағы Құры­л­тай сай­ла­у­ы­ның барын­ша әділ өтуі, оған қаты­са­тын сая­си пар­ти­я­лар­дың лай­ы­қты орын алуы үшін, бүкіл ел бел­сен­ді қаты­сып, сана­лы таң­дау жаса­уы­мыз қажет!

Өйт­кені бұл Құры­л­тай сай­ла­уы Қаза­қстан­ның сая­си жүй­есін жаңғыр­ту жолын­дағы маңы­зды қадам­дар­дың бірі болуы ықти­мал. Сарап­шы­лар­дың пікір­лері әртүр­лі болға­ны­мен, олар­дың бар­лы­ғы бір мәсе­ле­де ортақ ой айта­ды: жаңа инсти­тут­тың тиім­ділі­гі оның ата­уы­на емес, нақты өкілет­тік­теріне, сай­лау рәсім­дерінің әділ­ді­гіне және қоғам алдын­дағы ашы­қты­ғы­на байланысты.

Егер Құры­л­тай халы­қтың шынайы өкіл­дері­нен құралған, пікір алу­ан­ды­ғын қам­та­ма­сыз ететін және мем­ле­кет­тік сая­сатқа нақты ықпал ете ала­тын органға айнал­са, онда ол елде­гі демо­кра­ти­я­лық даму мен қоғам­дық келісім­ді нығай­туға еле­улі үлес қоса алады.

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн