Пятница , 21 августа 2026

АЙНАЛАЙЫН АЛАКӨЛ,ӨЗГЕРІС САҒАН ЖЕТСЕ ЕКЕН

Ала­көл­ден кет­кің кел­мей­ді-ақ! Жыл сай­ын асы­ға­мыз! Қай­тар кез­де қимай, қобал­жып жүресің. Кел­ген­ше, одан кей­ін жет­кен­ше асы­ға­сың. Бұл жолы Аста­на­дан шыққан тури­стік пой­ыз жедел­де­те жетіп кел­ді! Таңқал­дық! Үкі­мет өзгер­ді ме немене деп. Қараған­ды, Балқаш, Ақтоғай­ға тоқтап, Көк­тұ­ма, Ақши деген­ше, айдын­ды Ала­көл де көрінді.

Бір түн пой­ы­зда, ертесіне күн­діз­гі 2‑де кел­дік. Шіл­денің соңы салқын­дай­ын деген бе, тер­леп-теп­ші­мей жақ­сы жет­тік. Пой­ыз бағы­ты «Аста­на – Жалаңаш­көл» ата­ла­ды. Кей­біре­улер: «Жалаңаш­көл? Ол қай жер? Ал Ала­көл­ге қалай бара­мыз?» – деп әлі күн­ге дей­ін сұрап жатады.

Жалаңаш­көл – ол бір тарих. Айна­ла­сын­дағы көл­дері­мен бір­ге Ала­көл көл жүй­есін құрай­ды. Ерекше қорға­ла­тын табиғи аумақ, ЮНЕ­СКО-ның Дүни­е­жүзілік био­сфе­ра­лық резер­ват­тар желісіне қосы­лған деп білеміз.

Ала­көл­де­гі Ақши ауы­лы­нан 60 шақы­рым­дай жер­де біз секіл­ді дема­лушы­лар­ды «қар­сы ала­тын» шағын темір­жол вок­за­лы бар. Дәл осы жер­ден елі­мізді көр­ші елмен бай­ла­ны­сты­ра­тын Ақтоғай–Достық–Үрімжі темір­жо­лы өте­ді. Тәулік бойы сар­тыл­дап арлы-бер­лі жүк вагон­да­ры өтіп жата­ды. Ұйы­қтай алмай жатып ойлай­сың, осы тури­стік пой­ыз бағы­ты «Аста­на – Ала­көл» деп атал­са, жақ­сы жара­сым тауып тұрғандай.

Негізі, алға­шқы тіке­лей пой­ыз бағы­ты «Аста­на – Достық» деп атал­ды. Осы мау­сым­дық тури­стік «Таль­го» пой­ы­зы 2023 жыл­дың 15 мау­сы­мын­да жолға шықты. Біз осы алға­шқы бағыт­тың алға­шқы жола­у­шы­ла­ры болға­ны­мы­зға қуан­дық. Пой­ы­здың сыр­тын­да «Туған елге сая­хат» деген көр­некі жазу жазы­лған еді.

Бұл жолы «Таль­го­дан» түс­кен­де бай­қаға­ным, ҚТЖ-ның Алма­ты бөлім­ше­сі, Ақши стан­са­сы вок­за­лы басын­да сәл өзгеріс бар екен. Был­тыр бір­түр­лі жүде­улеу еді. Жай ғана сыр­лап, ағар­тып жөн­де­ген секіл­ді. Бір шетіне «Айдын­ды Ала­көл­ге қош кел­діңіз­дер!» деген көр­некі тақта ілініп­ті. «Айдын­ды Ала­көл – Айбын­ды Ала­көл­ге айнал­сын!» деп ырым­да­дық. Дема­лыс үйі жібер­ген көлік­ке оты­рып, лез­де «Мар­сель­ге» жеттік.

Ақши аумағын­да дема­лыс үйлері көп. Пой­ы­здан түс­кен дема­лушы­ларға арналған жарқы­раған арнайы шағын авто­бу­стар күтіп тұрғай! Бір күні бұл арман да орындалар.

Ал «Мар­сель» дема­лыс үйі дема­луға өте жақ­сы. Көл­ге жақын. Дәрет­ха­на үшін бөл­ме­ге жүгіріп кіресіз. Іші-сыр­ты, аула­сы, тамағы да жақ­сы – бар­лы­ғы да дема­лушы­лар үшін жасалған. Қасын­да «Ман­да­рин­ка», «Ком­форт», «Ала­көл рез­орт» секіл­ді басқа да дема­лыс үйлері орна­ласқан. Бірақ айна­ла­сын­да (сурет­те) «заң­сыз» деп «баға» беріл­ген жар­ты­лай қалқиған құры­лы­стар тұр. Көл­дің де, дема­лыс үйлерінің де сәнін кетіреді, дема­лушы­ларға да ыңғай­сыз. Экс-депу­тат Бақыт­жан Базар­бек көл жаға­ла­у­ын­дағы бос тұрған осын­дай жер­лер­ді санап шығып еді, «су қорғау аумағы­на құры­лыс салуға бол­май­ды» деген заң талап­та­ры бұл жақта орын­дал­май­тын секілді.

Дема­лыс үйі­міз көл­ге жақын болға­ны­мен (сурет­те), бір ойық ара­лы­ққа бас­пал­дақ жасал­май тұр. Төмен­ге қарай тасты топы­рақты теп­кілеп, аяқта­рың құмға сіңіп, көл­ге бір-ақ келіп түсесің. Айна­ла­сы бір 10–15 қатар бас­пал­дақ жаса­удан бұрын Аста­на­ның ЛРТ-сы қай­та жыл­дам бітті.

Ал Ала­көл­дің ауа­сы, таңғы салқын тыны­шты­ғы бәрін ұмыт­ты­ра­ды. Жұл­ды­зды түн­гі көрінісі бір тыл­сым. Аңы­здар­дың шығуы да тегін емес. Тыл­сым күштің барын сезесің бәрібір! Ұйқың кел­мей­ді!.. Көл жаға­сы­на ертең­гілік және кеш­кілік уақыт­тар­да бар­саңыз да, судан шыққы­ңыз кел­мей­ді-ау! Жаны­ңыз жады­рай­ды. Мөл­дір суы сыл­ды­рап, толқын­да­ры асы­ға жары­са жаға­ла­уды соға­ды. Бала күн­деріңіз еске түседі. Бас­пал­дақ­сыз-ақ тас үстін­де жүгіріп жүре бересіз! Бізді қой­шы дей­сің, тастан тай­ып құлап қалар деп бала­ларға алаң­дай­сың. Ала­көл­де кәдім­гі торғай ше, суық торғай деуші ме еді, сол торғай­лар­ды көріп қуа­на­сың. Аста­на­да торғай көр­мей­тінім тіп­ті қызық. Қар­лы­ға­штар ертең­гілік шықы­лы­қтап кеп ән сала­ды-ай! Қар­лы­ғаш көр­ме­гелі қашан? Неме­ре­лер де көбе­лек қуып, көл беті­нен құстар­дың түр-түрін көріп қызықтайды.

Ала­көл­дің аспа­ны толы жұл­дыз! Шөміш пішін­ді Жеті қарақ­шы көрі­неді, жете­уі де тұр ма деп бала кез­де­гі­дей санап, тілек тілей­сің. Бұрын ауыл­да үлкен­дер солай дей­тін. Ала­көл­дің теңіз толқын­да­ры­мен жары­сқан желі қандай!

Шоқан Уәли­ха­нов жаз­ба­ла­рын­да кез­де­сетін Қара ебі, Ақ ебі деп ата­ла­тын желі Жоңғар Ала­та­уы жағы­нан жететін дауыл­ды, қат­ты жел. Ебінің желі соқ­па­сын де, соқ­са Ала­көл­ге көз қырын да сал­май, оты­рған­дар­ды буып-түй­іп, бір-ақ ұшы­рып әке­тер долы қара күші бар. Қара ебі жаз­да, Ақ ебі қыста соға­ды екен.

Теңіз дедім бе, теңіз­ге теңей­тін бол­дық! Дема­лыс үйі­нен, көл жаға­сы­нан «теңіз­ге жина­лып жатыр­мыз», «теңіз­ге кет­тік», «теңіздің суы бүгін жылы» деген сөз­дер­ді жиі естіп қуа­на­сың. Халқы теңіз­ге балап, баға­лап, сағы­нып жететін Ала­көл­дің қадірін, шір­кін, Үкі­мет пен әкім­дік­тер, туризм бас­шы­ла­ры қашан түсі­нер екен!

Ала­көл­ге келетін бүкіл дема­лушы­лар, жур­на­ли­стер жыл сай­ын кіжініп, осы мәсе­ле­лер­ді ұзақ тер­ме­леп, «Фейс­бук­ке» жаза­ды. Селт етер ешкім жоқ!

Мен де қазір кәдім­гі­дей кіжіне бастай­ын енді. Өткен­де «Ақши ауы­лын­дағы бар­лық дема­лыс орын­да­ры мен бос жер­лер­ді түгел түрік­тер­ге жалға бере салу керек. Сер­ви­стің қалай бола­ты­нын, дәм­ді тамақ дай­ын­да­уды, тури­стің көңілін аула­уды тек солар білетін сияқты» деп жазған жур­на­лист іні­міздің айтқа­ны өте дұрыс. Жазып-жазып әбден қажы­ған соң, «өздерің жаса­ма­саң­дар, онда қолы­нан іс келетін­дер­ге берей­ік» деген жана­шыр­лық мақ­сат бұл. «Туризмді дамы­та­мыз десек, Ала­көл жаға­ла­у­ы­на арнайы эко­но­ми­ка­лық аймақ деген мәр­те­бе беріп, салы­қтық жеңіл­дік­тер ұсы­ну керек» дегені де дұрыс. Өйт­кені Ала­көл­ге жыл сай­ын келе­міз. Өзгеріс жоқ. Алды­ңғы бір жыл­да­ры Семей жағын да көрдік.

Бұған дей­ін Пре­зи­дент «Ала­көл айна­ла­сын­дағы таны­мал тури­стік аймақтың дема­лушы­лар­ды қабыл­да­уға дай­ын еме­сті­гін» айтып, Үкі­мет­тің есіне салған-ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы бұл аймақта қажет тури­стік инфрақұры­лым­ның, сапа­лы қыз­мет пен қауіп­сіздік­тің жоқ екенін айтып, курорт­тар­да шұғыл түр­де тәр­тіп орна­ту­ды және кінәлілер­ді жау­а­пқа тар­ту­ды тапсырды.

Бір жыл өтті. Өзгер­ген не бар? Был­тыр Ала­көл­дің қос жағын­да да тек­се­ру жүр­гізіліп, әкім­дік және биз­нес өкіл­дері­мен кез­де­су­лер өтті. Тури­стер көбей­се де, курорт­тық аймақта қыз­мет көр­се­ту дең­гейі қазір­гі талап­тарға сай кел­мей­тіні де айтыл­ды. Ала­көл жаға­ла­уы қауіп­сіз болуы қажет. Кей­бір жаға­жай­лар­да сани­тар­лық торап­тар, душ каби­на­ла­ры, қоқыс жәшік­тері, қал­тқы­лар мен қор­ша­у­лар жоқ. Біз демалған жеке жаға­жайы бар жаға­ла­уда сон­дай жағ­дай. Су көлік­теріне деген бақы­ла­уды көр­ген жоқ­пыз, құтқа­ру мұна­ра­ла­ры, арнайы жазы­лған ақпа­рат­тық ескер­ту бел­гілер деген мүл­де жоқ.

Был­тыр сол кез­де­гі пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры Ермек Көшер­ба­ев барып қай­тқан соң, өзгер­ген, жасалған бір­деңе бар ма, жоқ па? Бүкіл өңір­лер­ді ара­лап жүр­ген жаңа орын­ба­сар Нұр­лы­бек Нәлі­ба­ев Ала­көл­ге әлі келе қой­ған жоқ. Кел­ген­де не дейді?!.

Ала­көл бойы әлі сол қал­пы. Үкі­мет­тің өзі де біліп отыр. Әкім­дік­тер сай­тын­да: Жаға­жай аумағын сани­тар­лық жаб­ды­қтар­мен күшей­ту, қоқыс жәшік­терін сатып алу, қал­тқы­лар желісін ұзар­ту, шағын кеме­лер­ге арналған қауіп­сіз аймақтар­ды бел­гілеу, киім ауы­сты­ра­тын, душ қабыл­дай­тын орын­дар, қосым­ша абат­тан­ды­ру мүм­кін­ді­гін қарас­ты­ру, құтқа­ру мұна­ра­ла­ры, суға қауіп­сіз түсу­ге арналған бас­пал­дақтар­дың санын арт­ты­ру, ақпа­рат­тық тақта­лар, жаға­жай аймағы­ның сыз­ба-кар­та­ла­рын орна­ту деген сияқты ұзын сонар орын­дал­мас «мақ­сат­тар» тіз­бесі жазылған.

Мыса­лы, осы жылғы 7 шіл­де­де Жеті­су облы­сы әкім­ді­гінің сай­тын­да былай деп жазы­лған: «Ақши, Көк­тұ­ма көл жаға­ла­у­ла­ры­ның таза­лық жұмыста­ры­мен айна­лы­са­тын «Ала­көл Таза­лық» ком­му­нал­дық кәсі­пор­ны құры­лған. Жаға­жай­ға 720 қоқыс кон­тей­нері қой­ы­лған. 44 киім ауы­сты­ра­тын каби­на, 24 модуль­дік дәрет­ха­на, 45 биодәрет­ха­на орна­ты­лған» дейді!

Ал керек бол­са! Бұл сон­да шыны­мен Жер­де ме, әлде Мар­ста ма? Осы­ны жазып оты­рған маман, шір­кін, жаға­ла­у­ға барып, көріп келіп жаз­са ғой.

«Қай­ы­қтар мен паром­дарға қаты­сты Ала­көл­де­гі шағын жүзу құрал­да­ры­ның қозға­лы­сын рет­теу мақ­са­тын­да су айдын­да­рын­дағы қауіп­сіздік қағи­да­ла­ры бекітіл­ді. Жаға­лау аумағын­да тәулік бойы кезек­шілік, 14 құтқа­ру­шы, 11 мотор­лы қай­ық, қоғам­дық тәр­тіп­ті сақтау үшін 50 поли­ция қыз­мет­кері, 16 қыз­мет­тік авто­көлік және 5 ұшқыш­сыз дрон тар­ты­лған», – дей­ді. Әрі қарай «жаға­лау бой­ын­да 40 құтқа­ру мұна­ра­сы орна­ты­лып, 13 шақы­ры­мға буй сызы­қта­ры тар­ты­лған. 39 бей­не­бақы­лау каме­ра­сы жұмыс істей­ді және 7 пирс пай­да­ла­нуға беріл­ген. Күн­делік­ті суда да, жаға­жай­да да маман­дар тара­пы­нан тұрақты түр­де рейд жүр­гізіледі» деп жазылған.

«Бұл кере­мет енді! Жаса­сын Ала­көл!» – деп айғай­лағың келеді!

«Жаға­лау аумағын бақы­лау, эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­ет­тің талап­та­ры­ның сақта­луы бей­не­бақы­лау жүй­есі арқы­лы бақы­ла­на­ды. Бей­не­ка­ме­ра­лар жер­гілік­ті поли­ци­я­ның Жедел басқа­ру орта­лы­ғы­ның жүй­есіне қосы­лған. Қоқыс тастай­тын, көлік құрал­да­рын рұқ­сат етіл­ме­ген орын­дарға қоя­тын және өзге де құқық бұзу­шы­лы­қтарға жол беретін­дер бей­не­жа­з­ба­лар арқы­лы аны­қта­лып, жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­ды» деп жазы­лған. Шыны­мен де, қағаз жүзін­де емес, өңі­міз­де бәрі де осы­лай бол­са ғой!

«Жаға­ла­уды бекіту, жаға­лау жиегінің шай­ы­луын бол­дыр­мауға бағыт­талған жоба бастал­ды», – дей­ді. Бұл жоба біз айтқан ойық жер­ге керек-ақ.

Ал Туризм және спорт мини­стр­лі­гінің жазға­нын қараңыз: «Ала­көл­де жаңа нысан­дар салы­нып, қауіп­сіздік шара­ла­ры күшей­тіліп, тури­стер саны арт­ты, қоғам­дық тәр­тіп­ті поли­ция қыз­мет­кер­лері бақы­лай­ды, суда құтқа­ру­шы­лар тәулік бойы кезек­шілік атқа­ра­ды. Мау­сым басталға­лы бері 150-ден астам про­фи­лак­ти­ка­лық рейд өткізіл­ген» деген үйрен­шік­ті хабар­ла­ма­ла­рын ары қарай жаз­бай-ақ қояй­ын. Пай-пай дер­сің! Тіп­ті «Семей және Жеті­су өңір­лерін­де­гі тури­стік инфрақұры­лым­ды дамы­туға 2026 жылы бөлі­нетін қар­жы­ның көле­мі 30 млрд тең­гені құрай­ды», – дейді.

Бірақ жыл­да кел­сек те, еш өзгеріс жоқ- ау! Кіжін­бей қай­тесің! Жаға­ла­уда қап­таған тап­шан­дар – «жалға алы­ңыз» дей­ді. Бұлар кім­дер? Тап­шан­дар­да жатқан­дар қай­да дәрет­ха­наға бара­ды? Жаға­ла­уда қызу сауда… қоқыс, шашы­лған бөтел­ке, қағаз дей­сіз бе… ағы­лған қай­ық, ску­тер­лер суға түсетін орын қал­дыр­май бара­ды. Мон­ша­сы тағы бар! Айна­лаға қарап қоя­сың, не поли­ция өкіл­дері, не ТЖ өкіл­дері жүр ме екен деп… әлде жаға­лау «иелері­нен» сес­кене ме екен? Тым құры­ған­да бір-екі поли­ция қыз­мет­кері арнайы орын­да жаға­ла­у­ға келіп отыр­са – тәр­тіп болар еді.

Иә, Ала­көл жаға­ла­у­ы­ның Бас жос­па­ры бол­маға­ны, жаға­ла­удағы дема­лыс нысан­да­ры­ның сти­хи­я­лы түр­де бей­бе­ре­кет салы­нға­ны бәрі­міз­ге де бел­гілі. Сон­ды­қтан бал­мұз­дақ, қытыр­лақ кар­топ, қауын-қар­быз, кәу­ап, сусын сата­тын дүң­гір­шек­тер жаға­ла­у­ға орна­ла­сып алды. Жаға­жай бел­гілі бір иелік­те бол­са ғана тәр­тіп бола­ды деген сөз.

Жаға­ла­уды тәр­тіп­ке кел­тірудің заң­ды түр­де шеші­мі қажет. Тый­ым салын­ба­са, ары қарай да Ала­көл­дің «құл­пы­руы» жалға­са бер­мек. Тіп­ті екі айлық дема­лыс мау­сы­мын­да Ала­көл­дің маңай­ын­дағы ауыл­дар­дан, өзге өңір­лер­ден келетін «сауда­гер­лер» көбей­ген. Жаға­ла­уда ұсақ сауда дегеніңіз қызып тұр. Суда жүзетін қай­ы­қтың түр-түрі, судағы батут­тар зәреңді ұшы­рып, жан-жақтан атой­лап шыға келеді. Жаға­ла­уды ара­лап жүріп, қуы­ры­лған балық, жүгері, құрт-ірім­шік, қымыз, нешетүр­лі тәт­ті сату­шы­лар қап­тап жүр.

Қай­тар­да Ақшидің шағын вок­за­лы­ның ішіне кір­сек, ол да сол қал­пы екен. Екі айлық тури­стік мерзім­ге сай ештеңе жазыл­маған, ілін­бе­ген. Көңіл­сіз. Жүдеу. Сұп-суық темір орын­ды­қтар. Кіре­берісте­гі «Қыл­мыс­кер­лер­ді іздей­міз» деп сурет­тері­мен ілініп түрған тақтаға қара­уға қорқасың.

Көлік мини­стрі Нұр­лан Сау­ран­ба­ев Үкі­мет­те­гі жиын­да: «Ала­көл­ге Алма­ты, Аста­на бағыт­та­ры бой­ын­ша 8 бағыт ашы­ла­ды», – деді. Ашыл­сын, ашы­лға­ны­мен пой­ы­здар да сол баяғы қал­пы. Тағы да туа­лет, жуғыш жоқ! Бір біт­пей­тін аху­ал. Пой­ы­здар­дың «қожай­ын­да­ры­ның» тәр­тібі де қызық екен. Біз оты­рған № 254 пой­ы­зда жола­у­шы­лар ыстық шәй іше­міз деп, 5‑вагондағы ресто­ранға 15, кей­біре­уі 20 вагон ара­лап жүріп бар­ды. Вагон-ресто­ран пой­ы­здың дәл орта­сын­да тепе-теңдік­те болуы керек екенін ескерсеңіздер!

Жуыр­да «Инста­г­рам­нан» Үкі­мет­тің бір оты­ры­сын көріп қал­дым. Біре­уі «адам көп пе?» деді, екін­шісі «Ала­көл­ге 2 мил­ли­он адам келеді деп отыр­мыз», – деді. Мәсе­ле келетін адам­ның көп­ті­гін­де емес, керісін­ше, дұрыс қар­сы алып, өзге елдер­де­гі­дей дема­лу жағ­дай­ын жасау керек деп ойлай­мын. Емдік, тури­стік әле­уеті жоға­ры десек те, көл­дің эко­ло­ги­я­лық маңы­зды­лы­ғын да еске­рей­ік. Эко­жүйе барын біліп жүрей­ік. Көл­ді сақтау керек. Қоқыс, лас су көл­ге құй­ыл­ма­сын! Ала­көл­мен мақта­най­ық, суы­мен мақта­най­ық! Желі­мен, жаң­бы­ры­мен мақтанайық!

Айт­пақ­шы, 9 күн дема­лы­стан соң, қай­тар кезі­міз­де жаң­быр жауды. Ала­көл­дің жаң­бы­ры! Жыл­да сөй­те­ді, жаң­бы­рын жауды­рып қошта­са­ды. Тыл­сым­ның сыры осы. Бәрін біліп, көріп жатады.

Біз де солай көл басы­на барып, суға түсіп жүріп, алғыс, рах­меті­мізді айтып, қошта­са­мыз. Жаға­ла­у­ға жет­кені­міз сол еді, бір кез­де Ебінің желі кеп қалған­дай бол­ды. Көл­дің ақкөбік толқын­да­рын буда­лап, жан­та­ла­сып әп-сәт­те аласұр­ды. Ашу­лы толқын­дар! Бір-біріне дес бер­мей, буы­рқа­на жары­са, жабы­ла жаға­ла­у­ға жетіп, өкпе­сін айтып жатқан­дай. Еркін тыныс алған­дай. Теңіз ашу­ла­нып, буы­рқа­нып, жур­на­ли­стер ғана емес, су да кіжініп жатыр!

Теңіз­ге қарап, «Таза Қаза­қстан» да, тәр­тіп те, өрлеу-өркен­деу де Ала­көл жаға­ла­у­ы­на жет­се екен» деп ырым­дап, тілек тіледік.

Фари­да БЫҚАЙ, арда­гер журналист

Республиканский еженедельник онлайн