Воскресенье , 19 июля 2026

«КІШІ АРАЛДЫ» қалай САҚТАП ҚАЛАМЫЗ?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі   Олжас Бек­те­нов­ке!

​Мем­ле­кет бас­шы­сы жуы­қта өткен Аста­на сам­ми­тінің оты­ры­сын­да Арал мәсе­лесіне қаты­сты нақты әрі жүй­елі бағыт-бағ­дар беріп, су ресур­ста­рын тиім­ді басқа­ру, цифр­лан­ды­ру­ды енгі­зу және тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер бой­ын­ша келісіл­ген сая­сат жүр­гі­зудің маңы­зын айқын­да­ды. Бұл – елдің бола­шағы­на бағыт­талған бай­ып­ты саясат.

​Арал мәсе­лесі – Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Кемелұ­лы үне­мі наза­рда ұстап оты­рған маңы­зды бағыт­тар­дың бірі. Соның аясын­да өңір­де жүй­елі жұмыстар жүр­гізіліп, эко­ло­ги­я­лық аху­ал­ды жақ­сар­туға және инфрақұры­лым­ды дамы­туға бағыт­талған баста­ма­лар кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асу­да. Аймақта жол, су және әле­умет­тік нысан­дар­дың жаңа­руы жер­гілік­ті дең­гей­де­гі жұмыстар­дың тұрақты түр­де ілгерілеп келе жатқа­нын көр­се­те­ді. Қиын­ды­ғы күр­делі өңір­де түйт­кіл­дер­дің шешім табуы – үздіксіз еңбек­тің нәти­же­сі. Құрғаған теңіз таба­нын­да жүр­гізіліп жатқан сек­се­уіл егу және мели­о­ра­ци­я­лық шара­лар табиғи орта­ны қал­пы­на кел­тіру­ге бағыт­талған маңы­зды қадам ретін­де бағаланады.

​Соны­мен бір­ге осы ілгеріле­умен қатар, уақыт күт­тір­мей­тін, шеші­мін қажет ететін күр­делі мәсе­ле­лер де бар. Арал тағ­ды­ры – тек табиғат­тың ғана емес, тұтас әлем­нің бола­шағы­на тіке­лей әсер ететін ортақ жауапкершілік.

​Деген­мен, бұл бағыт­та елі­міз тара­пы­нан кешен­ді әрі ауқым­ды жұмыстар тұрақты түр­де жүр­гізіліп келеді. 2002–2008 жыл­да­ры Дүни­е­жүзілік банк­пен бір­лес­кен «Сыр­да­рия өзенінің арна­сын рет­теу және Сол­түстік Арал­ды сақтау» жоба­сы аясын­да өзен­нің өткі­зу қабілеті 350-ден 700 м³/с дей­ін арт­са, теңіз көле­мі 15,6‑дан 27,1 км³ дей­ін ұлғай­ды, тұз­ды­лық 23-тен 12 г/л дей­ін төмен­деді, балық аулау 400 тон­на­дан 8 мың тон­наға дей­ін өсті.

​Қазір­гі таң­да жоба­ның екін­ші кезеңі қарас­ты­ры­лу­да. Ол Көка­рал бөгетін Бал­тық жүй­есі бой­ын­ша 42 м‑ден 44 м‑ге көте­ру, дель­та эко­жүй­есін тұрақтан­ды­ру, дре­наж сула­рын сулы-бат­пақты алқап­тарға бұру, Қызы­лор­да және Түр­кістан облы­ста­рын­дағы ирри­га­ци­я­лық жүй­е­лер­ді жаңғыр­ту жұмыста­рын қам­ти­ды. Жоба аясын­да 180 іс-шара жос­пар­ланған, оның жал­пы құны 700 млрд тең­ге­ден аса­ды. Нәти­же­сін­де Сол­түстік Арал ауда­ны 3 151 км²-ден 3 913 км²-ге, су көле­мі 27 км³-ден 34 км³-ге дей­ін артады!

​Сон­дай-ақ 10 су қой­ма­сы (452 млн м³) жаңар­ты­лып, 2,2 мың км ирри­га­ци­я­лық желі және 1,4 мың км суа­ру жүй­есі авто­мат­тан­ды­ры­луы қажет. Мұн­дай тәсіл­дің маңы­зы өте зор, өйт­кені Арал­дың тағ­ды­ры тек теңіздің өзін­де­гі гид­ро­тех­ни­ка­лық шешім­дер­ге ғана емес, соны­мен бір­ге бүкіл Сыр­да­рия жүй­есі бой­ын­ша суды басқа­ру­дың тиім­ділі­гіне де байланысты.

​Алай­да қол жет­кізіл­ген нәти­же­лер­ге қара­ма­стан, су ресур­ста­ры­ның шек­те­улілі­гі, кли­мат­тың өзге­руі, су тұты­ну­дың артуы және басқа­ру тиім­ділі­гінің жет­кіліксізді­гі жағ­дай­ды күр­делі күй­ін­де қал­ды­ру­да. Болжам бой­ын­ша, 2030 жылға қарай Сыр­да­рия ағы­ны 13,9 км³ дең­гей­ін­де бол­са, өңір­лік су тұты­ну 9 км³-ге жете­ді. Үлкен Аралға су жібе­ру тоқтаған, ал Сол­түстік Арал­дың су балан­сы тұрақ­сыз күйде.

​«AMANAT» пар­ти­я­сы Арал мәсе­лесін бақы­ла­уда ұстап, Жол кар­та­сы аясын­дағы баста­ма­лар­ды жүй­елі түр­де іске асы­рып, өңір­дің эко­ло­ги­я­лық және әле­умет­тік түйт­кіл­дерін шешу­ге бағыт­талған нақты жұмыстар­дың жүзе­ге асуы­на тұрақты түр­де ықпал етіп келеді. Осы­ған орай төмен­де­гі ұсы­ны­старға назар ауда­руы­ңы­зды сұраймын.

Бірін­ші. Сол­түстік Арал теңізін сақта­удың екін­ші кезеңін жедел іске асы­рып, Көка­рал бөгетін 2 метр­ге көте­ру жоба­сын толық қар­жы­лан­ды­ру және аяқтау. Осы арқы­лы теңіз­ге жыл сай­ын кемін­де 4 млрд тек­ше метр көле­мін­де кепіл­ден­діріл­ген су жет­кі­зуді қам­та­ма­сыз етіп, тұз­ды­лық дең­гей­ін 10 про­мил­ле­ден асыр­май­тын тұрақты эко­жүй­елік режим қалыптастыру.

Екін­ші. Су ресур­ста­рын тиім­ді пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да ирри­га­ци­я­лық жүй­е­лер­ді жаңғыр­ту, су шығы­нын азай­ту және су үнем­деу тех­но­ло­ги­я­ла­рын енгі­зу бой­ын­ша мем­ле­ке­та­ра­лық үйле­стіруді күшейту.

Үшін­ші. Тран­с­ше­ка­ра­лық су келісім­дерін күшей­ту арқы­лы тұрақты су режи­мін қалып­та­сты­ру. Сон­дай-ақ Су ресур­ста­рын тұрақты басқа­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша Орта­лық Азия мем­ле­кет­тері­мен және халы­қа­ра­лық ұйым­дар­мен ынты­мақ­та­сты­қты күшейту.

Төр­тін­ші. Құрғаған теңіз таба­нын­да сек­се­уіл және тұзға төзім­ді өсім­дік­тер­ді оты­рғы­зу көле­мін ұлғай­тып, олар­дың жер­сі­нуін қам­та­ма­сыз ету, тұрақты мони­то­ринг жүр­гі­зу және шаң-тұз­дың тара­луын азай­ту арқы­лы эко­ло­ги­я­лық және ден­са­улық қауіп­терін төмендету.

Бесін­ші. Арал өңірінің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуын қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да балық шару­а­шы­лы­ғын жүй­елі түр­де дамы­ту, су қой­ма­ла­рын жаңар­ту және алдағы уақыт­та Есіл – Торғай – Арал жоба­сын кезең-кезеңі­мен іске асы­ру­ды қарастыру.

 ​«AMANAT» партиясы

​фрак­ци­я­сы­ның депу­та­ты Мар­ха­бат Жайымбетов 

Республиканский еженедельник онлайн