Среда , 2 сентября 2026

ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРҒА заңмен қатаң тыйым салынатын кез жетті!

ҚР Бас проку­ро­ры Б. Асы­ло­вқа!

ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің төраға­сы Е.Сағымбаевқа!

Осы­дан 3 жыл бұрын да біз осы Пар­ла­мент­те теріс діни ағым­дарға заң­мен тый­ым салу тура­лы мәсе­ле көтер­ген­біз. Содан бері не бол­ды, нәти­же қай­да? Қай­та теріс ағым­дар бұры­нғы­дан бетер күшей­іп бара жатқа­нын бәрі­міз көріп, біліп отыр­мыз. Егер билік, Үкі­мет, бұған тіке­лей жау­ап­ты Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті мен Бас про­ку­ра­ту­ра, құқық қорғау орган­да­ры нәти­же шығар­ма­са, сон­да біз бұл мәсе­лені не үшін Пар­ла­мент­те көтеріп жүрміз?!

Тағы да қай­та­лай­мыз, осы­дан 10 жыл бұрын, 2016 жылы бұл мәсе­лені билік те қолға алып, діни ради­ка­лизм­ге заң­мен тый­ым сал­мақ болған­да, бар­лық мини­стр­лік пен Бас про­ку­ра­ту­ра, Жоға­ры сот та қол­даған­да, тек Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті қар­сы шығып, осы тый­ым салу заңға енбей қал­ды. Біз мұны сол кез­де «Қазақ үні» газетін­де қат­ты сынап: «Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті – ұлтқа қауіп­ті коми­тет пе?» деген мақа­ла жаздық.

Ал бұл жолы кім кедер­гі жасап отыр?

Өткен­де елді шулатқан екі келеңсіз жайт­ты жақ­сы білесіз­дер. Оның біре­уі – қаза­қтың қаси­ет­ті мей­ра­мы Әз Науры­зға қар­сы қара ниет­ті біре­удің қат­ты шабуы­лы! Екін­шісі – өзіне ұна­маған әйелін ат ауы­сты­рған­дай көңілі қалаған ада­мға сый­лай салған аты­шу­лы имам. Бұл «сақа­лы бар, мұр­ты жоқ» еке­удің ісі жай­лы әріп­тесім Ермұрат Бапи жет­кілік­ті түр­де айтты.

Ал кеше ғана Ақтө­бе­де сот­та­лушы­лар­дың әйел­дері сотқа ниқаб киіп кел­ді. «Олар­ды сол бет­терін бүр­ке­ген күйі сот ғима­ра­ты­на кір­гізді. Ниқа­б­пен оты­рып, сот­та­лушы­ның заң­ды өкілі болуға рұқ­сат етіл­ді. Ескер­ту жасал­ма­ды» деп жаза­ды Ulysmedia.kz. Қоғам­дық орын­да бет­ті бүр­ке­ме­ле­ген киім кию­ге тый­ым салы­нған 2025 жылғы 30 мау­сым­дағы заң қай­да? Заң сақта­луы тиіс сот ғима­ра­тын­да қара жамы­лған­дар қап­тап жүр­се, басқа жер­де қай­те­ді? Сот қан­дай заңға сүй­еніп, олар­ды сотқа кір­гіз­ген? «Қан­дай жақ­сы заң бол­са да, оны орын­дай­тын шене­унік нашар бол­са, нәти­же­сі дұрыс бол­май­ды» деген сөз бекер айтыл­маған екен…

Осы уақы­тқа дей­ін дера­ди­ка­ли­за­ци­яға арна­лып бөлін­ген мил­ли­ард­таған қар­жы өз мақ­са­ты­на жұм­сал­ды ма, нәти­же­сі мен есебі қай­да? Қағаз­да қатып тұрған шығар, бірақ өмір­де ешқан­дай жетістік көріп оты­рған жоқпыз!

«Айқай­лай-айқай­лай қасқыр­дан да ұят бол­са да», тағы да қайталаймыз.

Кеше­гі қылы­шы­нан қан тамған кеңес импе­ри­я­сы кезінің өзін­де ора­за­сын ұстап, нама­зын оқып, Науры­зын той­лап өскен өңір­де Әзіреті бар елдің әділеті сақта­ла­рын көріп өскен ұл болған­ды­қтан, дін мен тіл тұта­сты­ғы діл берік­ті­гінің кепілі екеніне көзі­міз айқын жет­кен. Сон­ды­қтан бұл тұта­стық берік бол­маған­ды­қтан, ділі мен тілі әлсіз­дер­ді ұлтқа қар­сы қауы­мға айнал­ды­ру қат­ты қарқы­н­мен жүріп жатыр. Иә, күшті ұлт­тық идео­ло­гия бол­маған­ды­қтан, ішкі тұта­сты­қтың іруі ұлт­тық ұсты­ны­мы­м­ы­здың шіруіне жалға­са­ды. Ал ол Ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі екенін басы­мы­здан өткен қасірет­тер айқын көрсетті.

Ауыр қасірет­ті бастан кешіріп оты­рып, сабақ алу­дың орны­на санақ алып оты­ра беру қашанғы жалға­са­ды? Біз қоғам­дағы өте күр­делі мәсе­ле­ге айналған бұл кесе­паттың күн­де әр үйде, әр отба­сы­да кез­де­суін күтіп, қол қусы­рып қарап оты­ра бере­міз бе? Қазір­дің өзін­де кеш қалға­ны­мыз айқын. Бірақ кеш қал­сақ та, еш қал­мау үшін, енді заң­ды қаре­кет­ке батыл кірі­су керек!

Ұлт­тық ұғы­мға қар­сы желі­де жел­пініп оты­рған­дар­дың тамы­ры­мы­зды жегі құрт­тай жеп жатқа­ны­на ешкім де көл­де­нең көре­рмен болып оты­ра алмай­ды, бәрі­міз де ертең тақ­сы­ретін тар­туы­мыз мүм­кін. Сон­ды­қтан Ата­за­ңы­мы­зға айқын жазы­лған мем­ле­кет­тің зай­ыр­лы болуы қай­ыр­лы бола­рын нақты іспен көр­се­туі­міз керек.

Қоғам­дағы діни келеңсіздік­тің көбісі мұрт­сыз сақал­ды топ­тар­дан шығып жатыр. Мен өткен жыл­да­ры да айтқан едім, сақа­лы бар, мұр­ты жоқ Абы­лай, Абай, Жам­был, Махам­бет­ті көр­ген бе едік деп. «Сақал ердің көр­кі» деген қазақ, бірақ мұрт­сыз сақал қой­маған. Өзге елдер­ге елік­теп, мұрт­сыз сақал қоюға, қара жамы­лып, қара киім­мен басы-көзін қым­та­нып жүру­ге неге құмар­мыз?! Ұлда­ры­мыз түгілі, қызда­ры­мыз да қаза­қы әде­мі киім­мен, ашық дида­ры­мен атқа шапқан ел емес пе едік?!

Ата-баба­сы сан ғасыр ұстаған асыл салт-дәстүр­ден безіп, ұлтқа қар­сы шыға­тын, терісіне сый­май теп­сініп тұра­тын «мұрт­сыз сақал­дар­ды» көр­ген­де, ұлт­сыз шақар­лар­ды көр­ген­дей бола­сың! Кей­де осы мұрт­ты құр­ту – ұлт­ты құр­ту­дың басы емес пе деген ойға да кетесің…

Науры­зға, Ұлт­тық дәстүрі­міз­ге, ұлт­тық ұғы­мы­м­ы­зға қар­сы­лық – ұлтқа, мем­ле­кет­ке ашық қар­сы шабуыл! Енде­ше біз неге қаза­ққа қар­сы ашық шабуы­лға қол қусы­рып, қарап оты­руы­мыз керек?!

Әле­умет­тік желілер­де қаза­ққа қар­сы теріс пиғыл­ды­лар әрбір:

– Ұлт­тық мүд­де­ге қарсылық,

– Ұлт­тық тұта­сты­ққа іріт­кі салу,

– Ұлт­тық ұста­ным­дар­ды жоққа шығару,

– Ислам­ның дәстүр­лі Хана­фи маз­ха­бы­на тас ату,

– Ұлт­тық мүд­дені қорғап жүр­ген қоғам­дық, руха­ни ұлт қай­рат­кер­леріне күйе жағу арқы­лы қоға­мға ықпа­лы зор тәлім­ді тұлға­лық инсти­тут­ты ыды­ра­ту әре­кет­терін жаса­уда. Осын­дай Елге тигі­зер есеп­сіз пан­де­ми­я­лық ылаңы шек­те­усіз екі аяқты виру­стар алдын­да біздің ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гі­міз дәр­мен­сіздік таны­ту­да. Сон­ды­қтан Ел түбіне жетер қауіп­ті індет­ке шұғыл заң­мен қатаң тосқа­уыл қоя­тын кез жет­ті! Жет­ті емес, өтіп барады…

Осын­дай кесірі­нен ұлты­нан, дәстүр­лі діні­нен без­ген­дер, иман кел­тіріп, әру­ақ тер­бе­ген ата-баба­сын ақы­мақ, әке-шеше­сін айкә­пір көр­ген­дер – өз тамы­рын өздері отап жатқан­да­рын сезбейтіндер!

Тағы да қай­та­лай­мыз – өткен 30 жыл­дық теріс сая­сат қаза­қтың «нұр» деген жалын­ды сөзін жағым­сыз сөз­ге айнал­ды­рып жібер­се, теріс ағым­дағы­лар тіп­ті ең қым­бат «ана» деген аяу­лы атпен қатар ата­ла­тын «шеше» деген қастер­лі ата­уға қара күйе жағып, «ұстаз» деген ұлағат­ты ұғым­ның мәнін құртты.

Ұлт­ты ұйы­сты­ра­тын, жұрт­ты көр­кем мінезді иман­ды­лы­ққа шақы­ра­тын уағы­здың орны­на у ағы­зып, ұлтқа қар­сы шығып оты­рған­дар­ды қалай ұстаз деу­ге бола­ды? Уағы­зды кім көрін­ген айту қашан тоқтай­ды? Оларға Қаза­қстан діни басқар­ма­сы қан­дай шешім, қан­дай бәтуа шыға­рып отыр?

Тіп­ті ең қаси­ет­ті болып сана­ла­тын асыл діні­міз ислам­ды ең қауіп­ті ағы­мға айнал­ды­ру үшін барын салып жатқан­дар қазір қай­та­дан күшей­іп келеді. Терісін ауы­сты­рып алған теріс ағым­дағы­лар елді екі­ге бөліп, мыл­ты­қ­сыз май­дан­да мың­даған жаста­ры­мы­зды қаза­қтың қата­ры­нан шыға­рып қана қой­май, ұлт­ты жою үшін қаза­ққа қар­сы қауіп­ті күш­тер­ге айнал­ды­рып жатыр.

Баты­стың өзін­де, мыса­лы, Испа­ни­яда халы­қтың дәстүр­лі діни сені­мін құр­мет­теп, Құранға, Мұхам­мед пай­ғам­барға тиіс­кен­дер­ді заң­ды түр­де сот­тап, түр­ме­ге жауып жатыр. Ал біздің құдай­дан қоры­қ­пай­тын­дар желілер­де желі­гіп, Аса Құдірет­ті Алла­ны, қаси­ет­ті Құра­ны­мыз бен пай­ғам­бар­ларға қар­сы шығып, ауы­зда­ры­на кел­генін айту­да. Ада­сты­ру арқы­лы дәстүр­лі ислам дініне қар­сы күрес жүр­гі­зу­де. Діни сенім мен құн­ды­лы­қтарға күмән туғы­зып, ұлт­тық сана­ны тұм­ша­лап, мани­пу­ля­ция жаса­уға тыры­су­да. Олар ұлт­тық идео­ло­гия мен дәстүр­лі дін ара­сын­да шие­леніс туды­рып, діни ала­у­ы­здық арқы­лы қаза­қты іштен ірітіп барады.

Қаси­ет­ті ислам қағи­дат­та­ры мен шариғат­та­рын тап­тап, қол­дан жалған пай­ғам­бар­лар жасап алған сұм­ды­қта­ры­на тиісті орын­дар неге көз жұмып қарап отыр? Әкесі тәңір­ші, ұлы уаха­бист, келіні криш­найт, қызы иего­ва­ны иек­теп жүр­ген отба­сы­лар­дың ауыр жағ­дайы сол отба­сы­лар­дың тра­ге­ди­я­сы ғана емес, ертең мем­ле­кет­тің күр­делі мәсе­лесіне айна­ла­ты­ны анық! Енде­ше тағы кім­ге қарап, кім­нің бәтуа­сын күтіп отырмыз?!

Тарих­та еліне бар­лық күмән­ді діни ағым­дар­ды кір­гіз­ген көп дін­ді, биле­ушілері мен күзет­шілеріне дей­ін өзге тіл­де сөй­лей­тін көп тіл­ді елдер кар­та­дан жой­ы­лып кет­ті! Біздің ел бұдан сабақ ала ма, жоқ па?

«Мем­ле­кет дін­нен бөлек» деп, көз алды­мы­зда ірге­міздің шай­қа­лып жатқа­ны­на қол қусы­рып қарап оты­ру – Ел тағ­ды­рын қар­сы күш­тер­ге беріп қой­ып, жеңілетінін алдын ала мой­ын­дау. Қауіп­тің қай­дан келетінін жақ­сы білетін, дін сала­сын­да біз­ден көш ілгері көр­ші туыс ел өзбек­тер бұрын да теріс ағым­дар­дың тай­раң­да­уы­на қатаң тый­ым салған еді. Кей­ін тағы да Дін тура­лы заңын қатаң­дат­ты. Осы діни дің­ге­гі мықты Өзбек­стан­ның өне­гесін неге пай­да­лан­бай­мыз? Олар діні мен тілі берік елдің ділі де берік екенін айқын көр­сетіп отыр. Теріс діни ағым­дар­дың бәріне заң­мен қатаң тый­ым салып, ынты­мақты ырыс-құтқа, тыны­шты­ққа жетіп, бере­келі бей­біт күн кешіп отыр.

Әлем­де Гер­ма­ния, Фран­ция, Ұлы­бри­та­ния және т.б. көп­те­ген дамы­ған елдер­де ради­кал­ды ұйым­дарға заң­мен тый­ым салы­нған. Бұл құқы­қтық шек­те­улер – қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз етудің қалып­ты халы­қа­ра­лық оң тәжірибесі.

Ұлт­тық мүд­де­міз бен дәстүрі­міз­ге, Ел ынты­мағы­на, бір­лі­гіне бал­та шауып, мем­ле­кет­ке тағы да қатер төн­діріп жатқан дін­ге, тіл­ге, елге, жер­ге қар­сы еркін тарап жатқан елбұ­зар теріс ағым­дар­дың Ел түбіне жетер қауіп­ті виру­сы­на заң­мен қатаң тосқа­уыл қою қажет!

Қазақ халқы жер бетін­де 2,1 млрд-тан астам мұсыл­ман, 220 мил­ли­он­нан астам түрік халы­қта­ры тұты­на­тын қаси­ет­ті Ислам дінін, яғни бір ғана дін­ді, бір ғана тіл­ді берік ұстан­са ғана іргесі берік, шаңы­рағы биік, Ұлы дала­дан тамыр тар­тқан ұлы мем­ле­кет, Мәң­гілік ел бола алады.

Қысқа­сы, ради­кал­ды діни ағым­дарға заң­мен тый­ым салу – Ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі. Ал Мем­ле­кет ең алды­мен Ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қорға­уға міндетті.

Бірін­ші­ден, ради­кал­ды ұйым­дар қоғам тұрақты­лы­ғы­на қауіп төн­діреді. Олар елге іріт­кі сала­ды. Ал мем­ле­кет өз аза­мат­та­ры­ның қауіп­сізді­гін қорға­уға мін­дет­ті. Ол үшін қоғам­дық тұрақты­лы­қты сақтау керек. Бұл – мем­ле­кет­тің негіз­гі функ­ци­я­ла­ры­ның бірі.

Екін­ші­ден, егер мем­ле­кет мұн­дай қауіп­тер­ге қар­сы әре­кет етпе­се, бұл әле­умет­тік қақты­ғы­старға; экс­тре­ми­стік әре­кет­тер­ге; қоғам­дық тұрақ­сызды­ққа алып келеді. Қауіп төніп тұрған­да, заң арқы­лы шара қол­да­ну – ең қажет­ті дұрыс шешім.

Үшін­ші­ден, заң­мен тый­ым салу – бұл бостан­ды­қты шек­теу емес, қауіп­тің алдын алу. Бұл — дін­ге қар­сы емес, керісін­ше, дәстүр­лі дін­ді қорғау үшін теріс мақ­сат­ты ағым­дар мен ұйым­дарға қар­сы бағыт­та­ла­тын заң болуы тиіс!

Сон­ды­қтан ради­ка­лизм­ге қар­сы сая­сат – кез кел­ген құқы­қтық мем­ле­кет­тің Ұлт­тық қауіп­сіздік стратегиясы!

«Мен қауіп еткен­нен айта­мын» деп зар заман ақын­да­ры зар­лап өткен­дей, біз бұның бәрін босқа айтып оты­рған жоқ­пыз. «Бұл – мұхит­та адасқан кеменің соңғы соққан SOS даб­ы­лы болып жүр­месін! Өйт­кені бұл өте өзек­ті мәсе­ле бұған дей­ін де талай рет өткір көтеріл­ген!» – деп даб­ыл қаққан еді Ұлт зия­лы­ла­ры 2023 жылы.

Содан бері де 3 жыл өтті… Ал аса қауіп­ті виру­стар жыл сай­ын, күн сай­ын емес, сағат сай­ын, сәт сай­ын ала­пат ылаң таратуда.

Бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз…

Бұдан кей­ін кеш болады!

Құр­мет­пен, «Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сының депутаттары:

Қазы­бек ИСА

Депу­тат­тық сау­ал­ды қолдағандар:

Азат Перу­а­шев

Дания Еспа­е­ва

Ерлан Бар­лы­ба­ев

Серік Еру­ба­ев

Олжас Нұрал­ды­нов

Ермұрат Бапи

Болат Керім­бек

Ринат Зай­ыт

Республиканский еженедельник онлайн