Суббота , 5 июля 2025

БЕРГЕЙДІ сырттай соттау БАСТАЛДЫ

«ДАТ»-қа ДАТ!

Сәр­сен­бі күні Аты­ра­уда экс-әкім Бер­гей Рысқа­ли­евқа қаты­сты қозғалған қыл­мыстық іс бой­ын­ша алға­шқы сот оты­ры­сы өтті, деп хабар­лай­ды «ДАТ»-порталының Батыс аймақтық тілшісі.

Бұған дей­ін мән-жайы бас­пасөз­де хабар­лан­баған бұл іс бой­ын­ша, ҚР Қыл­мыстық Кодексінің 8 бабы­мен – мем­ле­кет­тік қар­жы­ны талан-тара­жға сал­ды, заң­сыз ақша­ны заң­да­стыр­ды, ала­яқты­қ­пен айна­лы­сты және басқа да қыл­мыстар жаса­ды деген желе­умен сегіз бір­дей айып­кер сотқа тар­ты­лған. Олар­дың қата­рын­да Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің інісі, ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісінің «Ақ жол» пар­ти­я­сы­нан сай­ланған экс-депу­та­ты Аман­жан Рысқа­ли­ев және басқа (Темірә­лин, Ізба­сар, Жал­мағам­бе­тов, Жел­ді­ба­ев, Дане­вич, Сүлей­ме­нов) бар. 

Сот ісін бақы­ла­у­шы құқы­ққорға­у­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, сот­та­лушы­лар орын­ды­ғын­да айып­кер­лер­дің бір­де-біре­уі бол­мауы себеп­ті және Әке­жан Қажы­гел­дин­нің соты­нан бері (2001 жыл) қалып­тасқан «қаза­қстан­дық ноу-хоу» бой­ын­ша, оларға қаты­сты сот сырт­тай жүр­гіледі. Ал айып­та­у­шы тарап – Аты­рау қала­лық про­ку­ра­ту­ра­сы таратқан мәлі­мет бой­ын­ша, істің сот­та қара­луы баста­ла­тын уақыт жөнін­де­гі хабар айып­кер­лер­ге «тыңғы­лы­қты түр­де» жет­кізіл­ген екен.

«Хабар қалай жет­кізіл­ді? – Ол жағы бей­мағұ­лым, – дей­ді аты-жөнін ата­мауды сұраған жер­гілік­ті құқы­ққорға­у­шы «ДАТ» тілі­шісінің сұрағы­на. – Айып­кер аза­мат­тар алты жыл­дан бері сырт елдер­де тұра­ды, олар тер­ге­у­ге де қаты­сқан жоқ. Тіп­ті, оларға қаты­сты қыл­мыстық іс қозғалға­ны, тер­ге­удің басталға­ны және істің сот­та қара­лу уақы­ты да БАҚ арқы­лы хабарланбаған».

Ал «Ал жай­ық» басы­лы­мы­ның хабар­ла­уы бой­ын­ша, сәр­сен­бі күні алдын ала өткен сот оты­ры­сын­да жеке­ле­ген айып­кер­лер­дің адво­кат­та­ры 750 том­дық қыл­мыстық іспен толық таны­сып шығу үшін, сот­тан 11 ай уақыт беруді сұраған. Бірақ сот төраға­сы іспен толық таны­сып шығуға 15 күн ғана беріп, негіз­гі сот про­цес­сі қазан­ның 15-інде баста­ла­ты­нын мәлім­де­ген.
Біздің тіл­ші­міз Аты­рау қала­сы көше­лерін­де кез­дей­соқ жүр­гін­шілер­ден пікір алған еді. Аты-жөн­дері бей­та­рап қал­ды­ры­лған бире­сми респон­дент­тер­дің шашы­рап түс­кен пікір­лері төмен­гі­дей болды: 


Аты­рау экс-әкім Бер­гей Рысқалиев 

• «Не үшін сот­тап жатыр дей­сіз бе? Нақты­сын біле алма­дым. Оның үстіне, ара­да біраз уақыт өтті ғой. Шама­сы, сай­лау бола­тын шығар… Біз­де халы­қты алдан­ды­ру үшін, «сен­дер­ді тонап кет­кен – анау» деп, алдан­да­ра­тын амал бар ғой…».

• «Ештеңе айта алмай­мын… Жеп қой­ға­ны бар шығар… Кім жемей жатыр?». 

• «Сот­тың бола­ты­нын бірін­ші рет естіп тұр­мын… Бірақ біз­де систе­ма солай ғой – әкім бол­саң, бас­шы бол­саң, жемқор бол­мауға хақың жоқ. Ал таза бол­саң, бас­шы болып, ұзақ оты­ру мүм­кін емес. Не жемқор қыла­ды, не жала жаба­ды. Басқа­ша мүм­кін емес».

• «Бер­гей­дің соты дей­сіз бе? Ол бала­ны бекер сот­тай­ды. Біздің Аты­ра­удың үйлерін­де 2‑ші этаж­дан ары­ға су шық­пай­тын. Жоға­ры­да тұра­тын­дар күні бойы шелек пен шылап­шы­нға су жинай­тын. Біз жиналған суға жуы­на­тын­быз. Соның бар­лы­ғын жөн­деп, 9‑шы қабатқа дей­ін су шыға­рып бер­ген Бер­гей еді – қала­ның әкі­мі болып жүр­ген­де… Енді сот­тап жатыр дей­сіз. Кім­нің не жасап кет­кенін ел біліп отыр ғой. Тасмағам­бе­тов Аты­рау мен Орал­дың ара­сы­на жол салып беріп кет­ті… Қалған­да­ры не істе­гені есі­міз­де жоқ». 

P.S. «Рысқа­ли­ев­тің ісі» бой­ын­ша сот про­цес­сіне қаты­сты жағ­да­ят­тар­ды «ДАТ» тұрақты жари­я­лап тұра­ды. Соны­мен бір­ге, ара­да алты жыл өткен­де, Бере­гей Рысқа­ли­ев­ті сырт­тай сот­та­удың қаза­қстан­дық билік­ке не үшін қажет­ті бола қалға­ны жөнін­де­гі ком­мен­та­рий­лер мен экс-әкім­нің қыз­мет­те­гі кезеңін­де орын алған олқы­лы­қтар мен жетістік­тері төңіре­гін­де­гі пікір­лер­ге басы­лым бет­тері­нен орын беру­ге пейілдіміз.


«

Республиканский еженедельник онлайн