Четверг , 4 июня 2026

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ: ЗАРДАП ПЕН ЗАЛАЛ өтелетін күн қашан?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас БЕКТЕНОВКЕ!

«Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның аты­на Семей ядро­лық сынақ поли­го­ны сал­да­ры­нан зардап шек­кен аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын қорғау мақ­са­тын­да құры­лған «Поли­гон-21 коми­теті» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің өтіні­ші келіп түсті.

Семей ядро­лық сынақ поли­го­нын жабу тура­лы тари­хи шешім қабыл­дан­са да, қоғам­дық ұйым­дар мен бей­ін­ді ұйым­дар­дың айтуын­ша, ядро­лық сынақтар­дың зардабы әлі күн­ге дей­ін сезіліп отыр. Әсіре­се Абай, Шығыс Қаза­қстан, Пав­ло­дар және Қараған­ды облы­ста­рын­да бұл мәсе­ле өте өзекті.

«Семей ядро­лық сынақ поли­го­нын­дағы ядро­лық сынақтар­дың сал­да­ры­нан зардап шек­кен аза­мат­тар­ды әле­умет­тік қорғау тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заңы сонау 1992 жылы қабыл­данған бола­тын. Одан бері бір­та­лай уақыт өтті, сон­ды­қтан қазір­гі заманғы әле­умет­тік, меди­ци­на­лық және ғылы­ми талап­тар­ды еске­ре оты­рып, бұл заң­ды жаңар­та­тын кез кел­ді деп есеп­тей­міз. Қоғам тара­пы­нан әле­умет­тік көмек­тің азды­ғы, өте­мақы есеп­теу жүй­есінің ескір­гені және халы­қты меди­ци­на­лық оңал­ту мәсе­лесінің бір ізге түс­пе­гені жиі айты­лып жүр.

Соны­мен қатар 2023 жылғы 5 шіл­де­де қабыл­данған «Семей ядро­лық қауіп­сіздік аймағы тура­лы» Заң­ның қан­ша­лы­қты нәти­желі түр­де жүзе­ге асы­ры­лып жатқа­ны­на да ерекше назар ауда­ру керек.

Жоға­ры­да айты­лған мәсе­ле­лер­ді еске­ре оты­рып, келесі сұрақтарға назар ауда­ру қажет:

– қазір­гі заманғы әле­умет­тік, меди­ци­на­лық және ғылы­ми талап­тар­ды еске­ре оты­рып, «Семей ядро­лық сынақ поли­го­нын­дағы ядро­лық сынақтар­дың сал­да­ры­нан зардап шек­кен аза­мат­тар­ды әле­умет­тік қорғау тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заңын кешен­ді түр­де жаңар­ту мәсе­лесін қарастыруды;

– бұры­нғы Семей ядро­лық сынақ поли­го­ны аумақта­рын­да эко­ло­ги­я­лық мони­то­ринг жүр­гі­зу шара­ла­рын күшей­туді және осы сала­да ашық қоғам­дық бақы­ла­уды қам­та­ма­сыз етуді;

– Семей ядро­лық сынақ поли­го­ны сал­да­ры­нан зардап шек­кен аумақтар мен халы­қты кешен­ді түр­де оңал­ту жөнін­де мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма әзір­леу мүм­кін­ді­гін зер­де­леп, онда:

– зардап шек­кен аймақтар­да арнайы меди­ци­на­лық орта­лы­қтар ашу;

– жыл сай­ын халы­қты терең­детіл­ген меди­ци­на­лық тек­сері­стен өткізу;

– зей­нет­кер­лер мен мүге­дек­ті­гі бар аза­мат­тар­ды дәрі-дәр­мек­пен қам­та­ма­сыз ету;

– сана­то­рий-курорт­тық емдеу мүм­кін­дік­терін кеңейту;

– эко­ло­ги­я­лық мони­то­ринг пен қоғам­дық бақы­ла­уды күшейту;

– ғылы­ми зерт­те­улер­ді қар­жы­лан­ды­ру­ды молай­ту мәсе­ле­лерін қарастыру.

«Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры атынан

Серік ЕГІЗБАЕВ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісі аграр­лық коми­тетінің төрағасы

Республиканский еженедельник онлайн