Четверг , 4 июня 2026

ҚЫТАЙДАН КІРГЕН КӨЛІК неге бақылауға алынбайды?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­дағы авто­ту­ризм көле­мі артып келеді. Алай­да шетел­дік авто­көлік­тер­ге қой­ы­ла­тын талап­тар­да айқын тең­герім­сіздік қалыптасқан.

Қаза­қстан­да тір­кел­ген авто­көлік Қытай аумағы­на кір­ген кезде:

– уақыт­ша әке­лу рәсі­мі­нен өтеді;

– уақыт­ша тір­кеу, арнайы нөмір және сақтан­ды­ру рәсім­де­леді, яғни жол каме­ра­ла­ры арқы­лы өз өңірін­де бақы­лау, қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету;

– көлік Қытай аумағын­да қалып қой­мауы үшін кеден­дік кепіл­дік және бақы­лау рәсім­дері қолданылады.

Бұл рәсім­дер­дің бар­лы­ғы ақы­лы негіз­де жүр­гізіледі, яғни арнайы қыз­мет­кер­лер­дің шығы­нын өтейді.

Қазір­гі мәлі­мет­тер бой­ын­ша, бір қаза­қстан­дық авто­көлік­ке қаты­сты бар­лық рәсім­дер­дің құны – менің қолым­дағы деректер­ге сәй­кес, шама­мен 560 мың­нан 600 мың тең­ге­ге дей­ін. Яғни, Қытай тара­пы шетел­дік көлік­тер­ді бақы­лап қана қой­май, бұл рәсім­дер­ден ресми кірістер қалып­та­сты­ры­лған. Бұл дұрыс меха­низм деп есептеймін.

Ал Қаза­қстан аумағы­на кіретін шетел­дік, оның ішін­де Қытай көлік­теріне қаты­сты рәсім­дер айтар­лы­қтай жеңіл­детіліп, бақы­лау­сыз қал­ды­ры­лған. Көп жағ­дай­да тек уақыт­ша әке­лу кеден рәсі­мі­мен ғана шек­те­леді және ол тегін.

Қазір­гі мәлі­мет­тер бой­ын­ша, соңғы бір жыл және биы­лғы жыл­дың алға­шқы төрт айы­ның өзін­де кеден қыз­метінің мәлі­меті бой­ын­ша Қаза­қстан аумағы­на 8 мың­нан астам Қытай авто­көлі­гі кірген.

Осы­ған бай­ла­ны­сты сұрақтар туындайды:

– қытай­лық мем­ле­кет­тік нөмір­лер­ді ІІМ қаты­сты фото-бей­нетір­кеу жүй­е­лері толық көлем­де тани­ды ма?;

– Транс­порт мини­стр­лі­гіне қаты­сты ақы­лық жол режи­мін, үлкен көлік­тер­дің артық сал­мағы мен габа­ри­тын аны­қтай­тын жүй­е­де көр­ші елдің көлік­терін тануы, төлем­дер­дің толық қан­ды төленуі;

– жол ере­же­сін бұзу жағ­дай­ын­да айып­пұл­дар­ды өндіріп алу қалай жүзе­ге асырылады?;

– сақтан­ды­ру және залал­ды өндіріп алу тетік­тері қан­ша­лы­қты тиімді?;

– неге Қаза­қстан уақыт­ша тір­кеу, уақыт­ша нөмір және әкім­шілік алым­дар енгізбейді?;

– шетел­дік көлік­тер­ге қыз­мет көр­се­ту, бақы­лау, ІТ-инфрақұры­лым және әкім­шілік рәсім­дер үшін бюд­жет­тен қан­ша шығын жұмсалады?;

– неге Қаза­қстан бұл шығын­дар­ды іс жүзін­де тегін көте­руі тиіс, ал басқа мем­ле­кет­тер мұн­дай рәсім­дер­ді ресми табыс көзіне айналдырады?

Егер Қаза­қстан да осын­дай тең тәсіл­ді қол­дан­са, тек осы 1 жыл 4 ай ішін­де өзі­нен бюд­жет­ке және қыз­мет көр­се­ту­ші инфрақұры­лы­мға шама­мен 5 млрд тең­ге көле­мін­де қосым­ша түсім қалып­та­суы мүм­кін еді, әрі шека­ра мен кеден қыз­мет­кер­лерінің шығы­нын өте­у­ге мүм­кін­дік пай­да болып, қауіп­сіздік мәсе­лесін бақы­лау сапа­лы жүрер еді. Әңгі­ме туризмді шек­теу тура­лы емес. Әңгі­ме – тең құқы­қтық тәсіл, қауіп­сіздік, бақы­лау және мем­ле­кет­тік шығын­дар­дың өте­луі туралы.

Осы­ған байланысты:

– Қаза­қстан аумағы­на кіретін шетел­дік авто­көлік­тер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік шығын­дарға тал­дау жүргізуді;

– уақыт­ша тір­кеу, қауіп­сіздік мақ­са­тын­да уақыт­ша нөмір және әкім­шілік алым­дар енгі­зу мәсе­лесін қарауды;

– Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на Қытай тара­пы қол­да­на­тын талап­тарға сәй­кес келетін тең­герім­ді (зер­каль­но), яғни қабыл­данған екі жақты келісім­дер­дің сапа­лы орын­да­луы тәсілін әзір­ле­уді сұраймын.

​​​​​​​​Болат­бек Нажмет­динұ­лы, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн