Воскресенье , 16 августа 2026

АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

2022 жылы, қасірет­ті Қаңтар оқиға­сы тұсын­да әлем­де үлкен жаңа­лық бол­ды: ней­ро­желі арқы­лы жасан­ды интел­лект (ЖИ) өмірі­міз­ге енді. Оны ә деген­де басқа түс­кен қай­ғы­ның кесірі­нен көбі­міз бай­қа­май да қал­дық. Ал сол ЖИ бас-аяғы екі-үш жыл­да өмірі­міздің бар­лық сала­сы­на еніп жатыр. Оның жыл­дам­ды­ғы сон­ша­лық, адам­дық та, әлем­дік те про­бле­ма­ларға тап болуы­мыз мүм­кін деген ой келеді.

Қысқа­сы, қала­сақ та, қала­ма­сақ та, ЖИ – біздің өмірі­міз­ге кір­ген құбы­лыс. Бұл фено­мен­ді біз білім­мен, салқы­нқан­ды­лы­қ­пен қар­сы алып, оның бүге-шүгесіне дей­ін білуі­міз қажет. Соны қан­ша­лы­қты ерте­рек біл­сек, оның қоға­мға тигі­зер теріс әсері­нен сон­ша­лы­қты ерте­рек қорғанамыз.

Ұлы Абай ХІХ ғасыр­да туған халқы­ның сана сезі­мінің оянуы­на, білім­ге, ағар­ту­шы­лы­ққа ынта­сын ашуға, жал­пы сол кез­де­гі қазақ орта­сын, қазақ қоға­мын ізгі­лен­діру­ге үлкен сер­пін бер­се, жасан­ды интел­лект ХХІ ғасыр­да қазір­гі Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ды дамы­туға және бүкіл адам­за­тқа тым жедел әрі соны сер­пін беру­де. ЖИ-ді елі­міз­де жедел иге­ру­ге ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.К.Тоқаев үлкен ықпал етті. Ол ТМД елдерін­де бірін­ші болып Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да әлем дамуы­на жаңа үрдіс алып келе жатқан ЖИ-ді тез ара­да дамы­ту жол­да­рын бел­гілеп бер­ді, жеке мини­стр­лік құрып, үш жыл­да Цифр­лы Қаза­қстан құру мақ­са­тын қойды.

І. Абай ілі­мі туралы

Aлдағы әлем­дік өмір­ді бір ала­ман бәй­ге десек, сол бәй­ге­ден озып келе жатқан екі сәй­гүлік­тің бірі – жоға­ры тех­но­ло­гия, ЖИ, ал екін­шісі – руха­ни-мәде­ни құн­ды­лы­қтар­ды жаңа өмір­ге пай­да­ла­ну. Осы екі сәй­гүлік­ті жеке жібер­мей, өрке­ни­ет­тің арба­сы­на қалай бір­ге жегу жолын ізде­уі­міз керек.

Менің ойым­ша, сол руха­ни құн­ды­лы­қтар­дың бірі – Абай ілі­мін­де, оның «Толық адам» тұжы­ры­мын­да жатыр. Біз қалай болған­да да, Ұлы Абай ілі­мін халы­қтың бой­ы­на барын­ша сіңі­ре оты­рып, мына бұрқыл­даған әлем­нің сұра­ны­сы­на жау­ап беруі­міз керек. Негіз­гі идея – Абай ілі­мі мен жасан­ды интел­лек­ті дәне­кер­ле­уде (син­тез­де­уде) деу­ге бола­ды. Абай асқан дана болған­ды­қтан, оның бой­ын­да алтын­шы сезім болған. Сол себеп­ті де бүкіл адам бала­сы­на «Адам­заттың бәрін сүй бауы­рым деп» деген ұлы өси­ет қалдырған.

Егер біз Абай ілі­мін бой­ы­мы­зға терең сіңір­сек, онда әлем­нің дамы­ған мем­ле­кет­терінің «жасан­ды интел­лект адам­ды басқа­рып кет­пей ме?» деген күді­гі­нен ары­лар едік. Сол себеп­тен тара­зы­ның бір жағы­на Абай ілі­мі, ал екін­ші жағы­на ЖИ-ді қой­ып, еке­уін тең ұста­уға тыры­сып, екі жағын да дамыт­сақ, терең игер­сек – Қаза­қстан әлем елдері ара­сын­да тез суы­ры­лып, сәй­гүлік­тей алға шығар еді. Өйт­кені Абай ілі­мі де, ЖИ де келе­шек­тің құры­лы­мын жаса­уға көмек­те­сетіні күмән­сіз. Қай ел руха­ни-мәде­ни құн­ды­лы­қта­рын алға ұстап, ЖИ-ді ерт­теп міне ала­ды, сол ел бәсе­ке­де алға шығады.

Осы орай­да Абай шығар­ма­шы­лы­ғы несі­мен құн­ды? Менің­ше, Абай­дың ұлы­лы­ғы – қаза­қтың бар бол­мысын әлем­мен салы­сты­рып, қаза­қтың мінін түзе­у­ге тыры­сып, ұлтын өрге сүй­ре­ген­ді­гін­де. Осы тағ­дыр­лы жол­да ол рия­сыз еңбек етіп, өзін сарп етті. Қаза­қтың иде­а­лы – Абай. Абай – өз зама­ны­ның биік пара­сат иесі ғана емес, бүгін­гі заман қай­шы­лы­қта­рын шешу­ге де бағыт бер­ген биік тұлға. Ол қазақ деген елдің атын әлем­ге шығар­ды. «Абай – ой мен сөз бостан­ды­ғы­ның сим­во­лы­на айнал­ды». Ахмет Бай­тұр­сы­нов айтқан­дай: «Абай­ды қазақ бала­сы тегіс танып, тегіс білуі керек».

ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Абай және XXI ғасыр­дағы Қаза­қстан» атты мақа­ла­сын­да: «Біз елді, ұлт­ты Абай­ша сүюді үйре­нуі­міз керек. Ұлы ақын ұлты­ның кем­шілі­гін қат­ты сына­са да, тек бір ғана ойды – қаза­ғын, халқын төр­ге жете­ле­уді мақ­сат тұт­ты. Абай­дың мол мұра­сы қазақ ұлты­ның жаңа сапа­сын қалып­та­сты­руға қыз­мет ете­ді. Оның шығар­ма­ла­рын­дағы ой-тұжы­рым­дар әрбір жастың бой­ын­да елі мен жеріне деген пат­ри­от­тық сезім­ді орны­қты­ра­ды. Сон­ды­қтан хәкім Абай еңбек­терінің нәрін өске­лең ұрпақтың сана­сы­на сіңі­ру және өмір­лік азы­ғы­на айнал­ды­ру – ұлт­ты жаңғыр­туға жол аша­тын маңы­зды қадам­ның бірі», – деген болатын.

Соны­мен, адам бала­сы­на төніп келе жатқан жаһан­да­ну өрке­ни­еті тұсын­да өзгеріс, оның ішін­де сана өзгерісі не үшін керек және ол өзгеріс ада­мға не береді? Ғылы­ми тұрғы­дан сау­ат­ты тұлға болу аса маңы­зды. Ғылым-білім арқы­лы руха­ни­ят есі­гі ашы­ла­ды. Руха­ни­ят ада­мға мәде­ни­ет­тілік пен жоға­ры талғам сый­лай­ды. Білім­ді адам сабыр­лы­лық пен сал­мақты­лы­қты тара­зы­ға сала біледі, ал шыдам­сыз, таяз адам­ды Абай: «Бір-ақ секіріп шығам деп, бір-ақ секіріп түсем деп, мер­ті­геді, жата­ды», – деп сипаттаған. Бүгін­гі жаңа әлем өзіне жаңа адам талап ету­де. Біз сол сипатқа лай­ы­қты болуы­мыз керек.

Ұлы Абай­дың кере­мет­тілі­гі – оның шығар­ма­ла­ры­ның дәл қазір­гі заман­да өмір­шеңді­гін­де. Біз Абай ілі­мі арқы­лы қолға ұстаған шам­шы­рақтай кеше­гіні де, бүгін­гіні де көріп және келе­ше­гі­мізді бағ­дар­лай ала­мыз. Абай фено­мені деп осы­ны айтуға болады.

Оның тағы бір ерекшелі­гі, көп жазу­шы­лар­дан өзге­шелі­гі – ол кемеліне кел­ген кез­де бар­лық әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық қаты­на­старға тіке­лей ара­ла­сып, халық мүд­десі үшін қыз­мет етті.

Абай зама­нын­да қазақ айтар билік бол­ма­ды. Қазір­гі­дей жеке мем­ле­кет, пре­зи­дент, пар­ла­мент, сот жүй­есі жоқ еді. Сон­да Абай жалғыз өзі Ресей пат­ша­сы­ның әмірі­мен алы­сты, күре­сті, сот­та­сты да, түр­мені де көр­ді. Ол дегенің тасқын суға қар­сы жүз­ген­дей еді. Сон­дай қиын-қыстау заман­да Абай өз орнын тауып, мәсе­ле­ге басқа қыры­нан келіп, халық тағ­ды­ры­на ден­дей біл­ді. Өзінің поэ­зи­я­сы, қара сөз­дері, білім­ділі­гі­мен болыс бола тұра, нақты іс-қимы­лы­мен сол кез­де­гі қоғам­дық қаты­на­стар­ды шешіп, қазақ қоға­мы­ның көзін ашты. Ол ұлы еңбек­тері­мен қазақ өрке­ни­етіне рия­сыз еңбек етті.

Ашы­ғын айтқан­да, біз елік­теп кел­ген жаhан­дық даму­дың қазір­гі мате­ри­а­ли­стик моделі тиім­сіз екенін мой­ын­дау керек. Мил­ли­ард­таған адам энде­ми­я­лық кедей­шілік жағ­дай­ын­да өмір сүріп жатыр. Алға жыл­жу үшін жаңа жол табу керек. Сон­ды­қтан жүй­елік тәсіл­ді қарас­ты­ра оты­рып, мәсе­ле­лер шеші­мінің адек­ват­ты­лы­ғы, тұта­сты­лы­ғы­ның жау­а­бын ізде­ген дұрыс. Олар­дың ішін­де ең басты­сы – дүни­е­та­нуға гума­ни­стік пәр­мен беру, дүниенің көрін­бе­ген сырын, руха­ни ізгілік бағыт­та­ры, қадам­да­ры мен сана­ны ояту иде­я­ла­рын туды­ру. Қазір ХХl ғасыр­да ада­ми ақыл-күй мен рухқа сенетін уақыт кел­ді, әйт­пе­се өте қауіп­ті апатқа душар болуы­мыз мүм­кін.

Мәсе­ле, қоғам­ның адам­гер­шілік тұрғы­дан бүлі­ну қау­пі жөнін­де болып тұр. Адам­заттың дамуын Шығы­сқа бұрып, оны заттық жүй­е­ден – руха­ни, қоғам­ды ізгі­лен­ді­ру рель­сіне түсір­ген жағ­дай­да әлем тыны­шта­на­ды, тұрақты дами­ды деген ойдамын.

Ең маңы­здысы – адам, оның ішкі әле­мі, отба­сы­лық ұрпақ тәр­би­есі, ұлт­тық дәстүр­ді жаңғыр­ту. Себебі жаңа пост­ин­ду­стри­ал­ды өрке­ни­ет­те бірін­ші кезек­ке адам фак­то­ры мен руха­ни сана қой­ы­луы керек. Бұл дегені­міз – Абай­ға жүгіну!

Осы орай­да бір ұсы­ныс айтқым келеді. Біздің мем­ле­кеті­міз­де ғалым­дар­дың қаты­суы­мен «Хакім Абай­дың «Толық адам» ілі­мінің жол кар­та­сын» жасау керек. Бар­лық оқу орын­да­рын­да Абай­дың толық адам ілі­мін жол кар­та­сы­мен оқы­ту арқы­лы біз қоғам өмірін ізгі­лен­ді­ре ала­мыз, өрке­ни­ет­ке жаңа­ша бет бұра­мыз. Абай арман­даған заман енді туа­ды. Әлі көп кешік­пей дүние жүзі Абай­ды, Кон­фу­ций мен Ностра­да­му­сты оқи­тын бола­ды. Сон­да ғана адам­зат Абай фено­менін түсі­нетін болады.

Себебі ХХl ғасыр­дағы өрке­ни­ет­тік даму соған қарай келе жатыр. Жаһан­да­ну про­цесі руха­ни салаға мей­лін­ше күштірек ене баста­ды. Енді адам­ның сана­сы, әлем­дік пси­хо­ло­ги­я­ның өзге­руіне бастай­тын батыл әре­кет­тер жасау қажет. Бұл – халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­да құқы­қтың сақта­луы­на, келісім мен бей­біт­шілік­ке алып келеді. Оған өту – бұры­нғы идео­ло­ги­я­лық посту­лат­тар­ды қай­та қарас­ты­ру­дан баста­ла­ды. Мыса­лы, эко­но­ми­ка жағы­нан алып қарай­тын бол­сақ, оны абстрак­тілі тұты­ну­шы­ның қажет­тілі­гін қанағат­тан­ды­руға емес, нақты адам­ның тұты­ны­мы­на бағыт­тау кeрек. Жаңа ұсы­ныс ретін­де айта­рым – «әр ада­мға әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық нор­ма­тив­тер­ді енгі­зу жолы­мен ғана адам капи­та­лы сала­сын­да кедей­шіліксіз өмір­ді қам­та­ма­сыз ету­ге бола­ды».

Абай­дың «Толық адам» ілі­мі дүниенің көрін­ген сыры мен көрін­бе­ген сырын ашып, оған толық ден­дей алған­да және олар­ды қазір­гі өмір­мен бай­ла­ны­сты­рған­да ғана өз тиім­ділі­гін береді. Дүниенің көрін­ген сыры дегені­міз – мате­ри­ал­ды сала, бай-қуат­ты болу, эко­но­ми­ка­лық өмір. Ал көрін­бе­ген сыры – ол адам­ның руха­ни жан дүни­есі, ішкі құн­ды­лы­қта­ры, бол­мысы, таза­лы­ғы, жүрек сыры, сана­сы­ның тереңді­гі, керек бол­са моралі. Осы жағы­на кел­ген­де ақсап жатырмыз.

Себебі біз бір жағы­нан Баты­стың тек баю деген мате­ри­а­ли­стік ықпа­лын­да кет­тік. Екін­ші – ескі билік­тің бір жақты сая­са­ты­ның кесірі­нен «Бірін­ші – эко­но­ми­ка, бай-қуат­ты болу, екін­ші – сая­сат» деген ұран­мен жыл­дар бойы тек ман­са­пқа ден қой­ып, қазір 10% кедей мен 10% бай ара­сы қала­нып (нор­ма­тив бой­ын­ша), 6–7 есе­ден 30 есе­ге дей­ін шары­қтап кет­ті. Абай­дың «пай­да ойла­ма, ар ойла» деген өси­етін ұстан­сақ, бұлай бол­мас еді! 30 жыл­да халық ара­сы, адам­ның қаты­на­сы бүлін­ді: бол­мысы, мінез-құлқы, тәр­би­есі, пси­хо­ло­ги­я­сы, тез пай­да табу, бай­лы­ққа жақын­ды­ғы, кре­дит­ке көз­сіз бай­ла­нуы, т.б.

Біз­ге заң­сыз кет­кен ақша­ны қай­та­руға болар. Эко­но­мист ретін­де айт­сам, егер шетел­мен бай­ла­ны­сты бол­са, ол да оңай іс емес. Ал халы­қты ізгі­лен­ді­ру, сана­ны ояту, адам­ды дұрыс жолға салу, Абай айт­пақ­шы, қызар­май­тын, ұял­май­тын ізгілік­ті жолға салу – қиын­ның қиы­ны. Бұған ондаған жыл­дар керек болуы да мүм­кін. Соны бүгін, үш жастағы ұрпақтан баста­ма­сақ, кеш қаламыз!

Біздің қазір досы­мыз да, жауы­мыз да – мына өтіп бара жатқан уақыт. Қай мәсе­ле­ге ұрын­сақ та, санаға келіп тіре­ле­міз, ары қарай жыл­жу жоқ. Себебі 30 жыл­да авто­кра­ти­я­лық басқа­ру­мен қоғам ыңғай­лы көп­шілік­ке айнал­ды, сана қасаң тарт­ты. Сана­ны өзгерт, өзің өзгер деген – қазір нағыз уақыт тала­бы болып тұр.

Енде­ше Әділет­ті Қаза­қстан құру үшін арды ойлай­тын уақыт жет­ті! Пре­зи­дент айт­пақ­шы, адал адам­ның тір­лі­гін жасау керек!

Ұсы­ны­сым:

Біздің мем­ле­кеті­міз­де ғалым-жазу­шы, зия­лы­лар­дың қаты­суы­мен «ХАКІМ АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІНІҢ ЖОЛ КАРТАСЫН» жасау керек. Бар­лық оқу орын­да­рын­да Абай­дың «Толық адам» ілі­мін жол кар­та­сы­мен оқы­ту арқы­лы біз қоғам өмірін ізгі­лен­ді­ре ала­мыз, өрке­ни­ет­ке жаңа­ша бет бұрамыз.

Қазақ тілінің негізін қала­у­шы Ахмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның «Исі қазақ Абай­ды білуі тиіс» деген сөзін нақты іске асы­ру керек. Біздің мін­деті­міз – Абай­дың «Толық адам» ілі­міне терең бойлау.

ҚР Пре­зи­ден­тінің «Абай және ХХІ ғасыр­дағы Қаза­қстан» атты мақа­ла­сын негіз­ге алып, осы жол кар­та­сы­ның аясында:

1. М. Мыр­за­хме­то­втың көп жыл жасаған «Абай­та­ну әліп­пе­сін» мек­теп­тер­ге дәріс ретін­де кір­гі­зу;

2. «Абай­та­ну» пәнін ЖОО-да оқы­ту;

3. Абай ілі­мін қыз­мет­кер­лер­ге наси­хат­тау, меке­ме­лер­де Абай каби­нет­терін ашу;

4. Күн­де таңер­тең дене шыны­қты­ру­дан кей­ін бар­лық жұмыс орын­да­рын­да сағат 9:00-де «Абай­та­ну» хаба­ры (пяти­ми­нут­ка­сы) бол­са, радио, ТВ қыз­мет етсе, мына оты­рған орны­мы­здан Абай­ға қарай жақын­дар едік, жұмысқа да кешік­пес едік. Абай оқу­ла­рын халқы­мы­зға ден­дер едік;

5. Абай­дың жол кар­та­сы аясын­да толық адам ретін­де С.Зиманов, Г.Бельгер сияқты т.б. таны­мал тұлғалар­ды жастарға ұғын­ды­ру керек;

6. Осы­лар­дың жиын­ты­ғы ретін­де Қаза­қстан­ды ізгі­лен­діру­де­гі «Ұлы Абай ілі­мінің халы­қа­ра­лық рези­ден­ци­я­сы» атты жоба­ны қолға алу керек. Бұл жоба жаса­лып, ҚР Пре­зи­ден­тіне жіберіл­ген болатын. 

Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны санаға сіңі­ру деген сол болар еді. Әйт­пе­се бүкіл халық «Абай өзі­міздікі ғой, «Қара сөзін» баяғы­да оқы­дық қой» деп жай­ба­сар­лы­қ­пен жүре бере­міз. Сана қалып бара­ды. Тоқ етері – Абай ілі­мі сана­мы­зда «стан­дарт» болып, «қалып» ретін­де бой­ға сің­се, қоғам алға жыл­жыр еді. Абай ілі­мін игер­ген жас қазақ өзін де, елін де бақыт­ты ете­ді. Бұл – ана тіліне сер­піліс беру деген сөз!

Шығы­стың ежел­ден келе жатқан мораль фило­со­фи­я­сы­на қар­сы қоя­тын Батыс өрке­ни­етін­де жаңа ПАРАДИГМА ТУҒАН ЖОҚ. Біз үшін Ұлы Абай­дың «Толық адам» ілі­мін иге­ру – МОРАЛЬҒА ора­лу деген сөз. Ұлы Абай ілі­мі Қаза­қстан­ның руха­ни брен­діне айна­луы керек. Осы­ған бар­сақ, біз алда боламыз!

Бола­шаққа көз тік­сек, алды­мы­зда руха­ни рево­лю­ция тұр: ол интел­лек­ту­ал­ды эко­но­ми­ка, ней­ро­тех­но­ло­гия, жасан­ды интел­лект, қоғам­ды гума­ни­за­ци­я­ла­удан тұра­ды. Осы­лар­ды иге­ру үшін, сана өзгерісін жасау керек. Олай бол­са, біз Абай­дан аттап кете алмаймыз.

II. Жасан­ды интел­лект тура­лы бірер сөз

Қазір дамы­ған мем­ле­кет­тер 6‑шы тех­но­ло­ги­я­лық уклад­ты (ТУ) тез иге­ру­де. Ол дегені­міз – нано­тех­но­ло­гия, био­тех­но­ло­гия, ген­дік инже­не­рия, кос­мо­стік тех­но­ло­гия, робот­тан­ды­ру, жасан­ды интел­лект, т.б. Дамы­ған елдер­де 6‑шы ТУ-дың жал­пы ішкі өнім­де­гі (ЖІӨ) үлесі көбей­ген соң, 5–6 жыл­да ғылы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық рево­лю­ция күтілуде.

ЖИ өмір­дің бар­лық сала­сы­на ену­де. Мыса­лы, само­лет­тер­ді кеңістік­те басқа­ру­да ЖИ екін­ші пилот болып жүр­гі­зу­де неме­се маши­на­ны жүр­гі­зу­шісіз айдау. Қазір­гі болып жатқан соғы­ста дрон­нан бастап, ЖИ күші­мен түр­лі соғыс құрал­да­ры пайдаланылуда.

ХХІ ғасыр басын­да маши­на­мен қол­жа­з­ба­ны ауда­ру, жасау қат­ты дамы­ды. Бұл шет тіл­ді тез игру­ге әсер етті. Қазір­дің өзін­де біз­де GPT‑і кеңі­нен қол­да­ны­ла баста­ды. Мыса­лы, біз дәл қазір Chat GPT-ге сұрақтар қой­сақ, ол ақпа­рат­ты көп қабат­ты кеңістік­те қоры­тып, сапы­ры­лы­сты­ра сарап­тап, желілік құры­лым­дар арқы­лы біз­ге негіз­гі жау­а­бын бере ала­ды. Мұны ғылым­ның жаңа­лы­ғы, фено­мені демей, не дей­міз? Қазір әсіре­се АҚШ пен Қытай­да Chat GPT-ден көп жоға­ры ЖИ модель­дері шығып жатыр. Бір сөз­бен айт­сақ, маши­на­ның көп­те­ген сала­лар­да адам еңбе­гін жеңіл­детіп, жұмыс қолын ауы­сты­ра ала­ты­нын іс жүзін­де көріп отырмыз.

2025 жыл­дан бастап елі­міз­де ЖИ-ді дамы­туға арналған мем­ле­кет­тік сая­сат­тың алға­шқы нәти­же­лері айқын көріне баста­ды. Аста­на мен Алма­ты – ЖИ инно­ва­ци­я­сы­ның негіз­гі орта­лы­қта­ры­на айнал­ды. Аста­на­да ЖИ негізі­нен мем­ле­кет­тік басқа­ру мен қала­лық инфрақұры­лым сала­сын­да қол­да­ны­ла­ды. Astana Hub база­сын­да тір­кел­ген стар­тап­тар­дың едәуір бөлі­гі ЖИ шешім­дерін әзір­ле­у­ге бағыт­талған. «Ақыл­ды қала» жоба­ла­ры аясын­да көлік ағы­нын болжау, бағ­дар­шам­дар­ды оңтай­лан­ды­ру, тұрғын­дар­дың өтіні­ш­терін тал­дау және ком­му­нал­дық желілер­ді мони­то­ринг­теу сияқты пилот­тық шешім­дер енгізілуде.

Алма­ты­да ЖИ-дің ком­мер­ци­я­лық қол­да­ны­луы басым. Қар­жы, теле­ком­му­ни­ка­ция және элек­трон­дық ком­мер­ция сек­тор­ла­ры маши­на­лық оқы­ту алго­ритмдерін кли­ент­тер­ге қыз­мет көр­се­ту сапа­сын арт­ты­ру және тәу­е­кел­дер­ді басқа­ру үшін бел­сен­ді пай­да­ла­на­ды. Банк­тер­де несие ско­рин­гі мен ала­яқты­қты аны­қтау жүй­е­лері кеңі­нен енгізіл­ген. Энер­ге­ти­ка­да жылу электр орта­лы­қта­рын­да жаб­ды­қтар­дың ақа­уын болжай­тын ЖИ модуль­дері қол­да­ны­лып, апат­тық тәу­е­кел­дер төмен­детілу­де. Соны­мен қатар Алма­ты­дағы жетек­ші уни­вер­си­тет­тер мен зерт­теу орта­лы­қта­ры қазақ тілін­де­гі мәтін­ді тал­дау және авто­мат­ты аудар­ма бағы­тын­да ғылы­ми жоба­лар әзірлеуде.

Инду­стри­я­лық өңір­лер­де ЖИ тех­но­ло­ги­я­ла­ры негізі­нен өндірістік тиім­ділік пен қауіп­сіздік­ті арт­ты­руға бағыт­талған. Қараған­ды, Пав­ло­дар және Шығыс Қаза­қстан облы­ста­рын­да predictive maintenance жүй­е­лері енгізіліп, өндірістік жаб­ды­қтар­дың тозуын алдын ала аны­қтау арқы­лы жос­пар­дан тыс тоқтап қалу мен жөн­деу шығын­да­ры қысқартылуда.

Ауыл­дық және әлсіз қам­ты­лған аймақтар­да ЖИ баяу, бірақ тұрақты түр­де тара­лу­да. Теле­ме­ди­ци­на, цифр­лық егін­шілік, дрон­дар мен GPS негізін­де­гі фер­мер­лік шешім­дер ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да қол­да­ны­ла баста­ды. Оқы­ту бағ­дар­ла­ма­ла­ры арқы­лы шару­а­шы­лы­қтар­дың цифр­лық құзы­рет­тері арттырылуда.

Негізін­де, жасан­ды интел­лект – құрал, ал оның игілі­гі – оны қол­да­ну мәде­ни­етіне және басқа­ру сапа­сы­на бай­ла­ны­сты. Қаза­қстан үшін оңтай­лы тра­ек­то­рия – инно­ва­ци­я­ны ынта­лан­ды­ра оты­рып, қауіп­сіздік, адам құқы­қта­ры және ұлт­тық-руха­ни құн­ды­лы­қтар­мен үйлес­кен, нәти­же­ге бағыт­талған модель­ді тұрақтандыру.

Қайт­кен күн­де де ЖИ зама­нын­да білім, ғылым алда бола­ды. Сол себеп­тен баста­уыш мек­теп­тен бастап, орта, кәсіп­тік және жоға­ры білім­ді қоса, білім берудің құры­лы­мын түбе­гей­лі реформалаукерек!Бұған сол ескі­ше үйреніп қалған білім жүй­есінің шене­унік­тері, мұғалім­дері қар­сы болуы мүм­кін. Бірақ бүкіл халық, қоғам болып, билік­тің үш тар­мағы да ара­ла­сып, бір сая­си шешім­ге келу керек.

Қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз етуді қазір­ден бастау керек, әсіре­се кадр дай­ын­да­уда. ЖИ-де адам­да бола­тын сезім, эмо­ция неме­се ойлау жүй­есі жоқ. Сол себеп­тен адам ЖИ жұмысын рет­теп және бақы­лап оты­руы керек. Сон­да ғана қауіп­сіздік мәсе­лесі шешіледі. Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы жаны­нан Ұлт­тық ЖИ ғылы­ми орта­лы­ғы ашыл­са, тезірек дамыр едік. Келе­шек­ті ойла­сақ, БҰҰ кибер­не­ти­ка­лық қару­лар­ды, ЖИ арқы­лы жасалған қару­лар­ды талқы­лап, олар­ды бақы­ла­удың бір ортақ стра­те­ги­я­лық кон­цеп­ци­я­сын жаса­уға кіріс­кені жөн.

Әлем­дік және аймақтық дең­гей­де ЖИ-ке бай­ла­ны­сты көп­те­ген мәсе­ле­лер туын­дай­ды. Мыса­лы, желілік плат­фор­ма­лар­ды, әлем­дік қауіп­сіздік­ті рет­теу, кос­мо­стық регла­мент, т.б. Бұл тұрғы­да елі­міз­де ЖИ-дің стра­те­ги­я­лық даму кон­цеп­ци­я­сын жасау керекті­гі де айқын.

Бей­не­леп айтқан­да, біз мұхит бетін­де­гі ЖИ деген айс­берг­тің­тек көз­ге көрі­нетін жағын ғана қам­ты­ған­дай бол­дық. Бұл мәсе­ле бұдан былай жыл­дар бойы күн тәр­тібі­нен түс­пей­ді. Сол себеп­тен мем­ле­кет тара­пы­нан оған бірін­ші басым­дық беріп, басқа елдер­ден қалып қой­май­тын­дай дамы­ту қажет. Ал халқы­мыз үлкен-кіші демей, ЖИ-ді ұлт­тық дең­гей­де иге­ру­ге тыры­суы керек. Өйт­пе­сек, өрке­ни­ет көші­нен қалып қоямыз!

Менің сия­сы кеп­пе­ген «Әлем, Абай, жасан­ды интел­лект жолы» атты кіта­бым осы мәсе­ле­лер­ге арналған. Атал­мыш бағыт­та жұмыс істей­тін, жал­пы Абай ілі­мі және жасан­ды интел­лект тақы­ры­бы­на қызы­ға­тын ғалым­дар, әсіре­се жастар одан көп сұраққа жау­ап таба­ды деп ойлаймын.

Ора­за­лы СӘБДЕНҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегеака­де­мик

Республиканский еженедельник онлайн