DAT | ҚАЗ

Аружан Дүйсебаева: Өткен өмірмен емес, КЕЛЕШЕКПЕН өмір сүруіміз керек

– Аружан, Демпартия мен “Бәсе” ютуб-арнасының бастамасымен өткен сенбі күнгі митингтің ұйымдастырушылар қатарында жүргеніңді көрдік: бұл наразылық акциясы көңіліңнен шықты ма? – Иә, Қытай экспансиясына қарсы ұйымдастырылған бұл жолғы наразылық акциясы біршама көңілден шықты. «Біршама» дейтінім – бұл митингіге жиналғандар қарасы бұрынғы митингілерден молырақ болды. Бұрынғыдай емес, елдің, жердің мәселесін …

Читать далее »

Путин іріткіге БЕЛГІ БЕРДІ

Ресей президенті Владимир Путин 18 наурызда, Мәскеуде, Лужники стадионында Қырым аннексиясының жеті жылдығына арналған концертте Совет Одағы құрамында болған елдерге Ресейдің жер беріп, «мол сыйлық» жасағанын, соның салдарынан көптеген территориясы мен геосаяси кеңістігінен айырылғанын тағы да айтты.  Өзін «Ресей жерін жинақтаушы» образында көрсеткісі келетін ол бұл тақылеттес пікірлерді тығырыққа тірелген, …

Читать далее »

ЖЕРКОМДА КІМДЕР БАР?

Сонымен, мемлекет басшысының тапсырмасымен Жер реформасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасын талқылап, парламентке ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Жер комиссиясы құрылды. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» өкімінде (19.03.2021 ж. № 62-ө) біраз әкім-қара мен Жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, Шаруа қожалықтарының басшылары аталған. Бірақ Жерін қорғау жолында сотты болып, …

Читать далее »

Мақтаншақ ҚОЖАЙЫН

Бізде жағымпаздар көп. Әсіресе үкімет жақта, билік жүйесінде, әкімдік орындарда… (сол қызметтерге жете алмай, жанталасып жүрген қаншама потенциальный жағымпаз бар!). «Пәлен жерге елбасының есімін берейік!» деген жалпыш ұсыныстардың жиі шығатыны да сондықтан. Қыза-қыза келе, кеше «спорт аренасын да сол кісінің атымен атайыққа» барып қалғандарға аса таңқалуға болмайды. Себебі… Себебі – …

Читать далее »

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН қасқыр комиссия халыққа керек емес!

Қазақтың Жерін сату және жалға беру туралы комиссия құрамында мына кісілер не істеп жүр: Сауэр Иван, Терещенко Сергей, Касицин Александр, Зенченко Геннадий, Жабяк Игорь, Хильниченко Александр. Барлығы да ірі шаруа қожалықтарының басшылары. Яғни, латифундистер десе де болады. Қасқырға қой бақтырып қойған жоқпыз ба? Оңғар Қабденнің ФБ-парақшасынан Бізді алаңдатып отырған мәселе …

Читать далее »

ҚОНАЕВ ҚАНША қазақ мектебін жапты?

Әлдекімдер ашық ақпарат кеңістігіне, «Фейсбукқа» да үнемі «Қонаев 700 қазақ мектептерін жапты» деген ақпарат салып отырады. Бірақ бұл цифрды қайдан алғанын, қандай құжаттарға сүйенгенін көрсетпейді.  Осы ақпаратты сараптап көрейік. Дінмұхамед Қонаев Қазақстандағы билік басына 1960 жылы келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы болып сайланды. Аз уақытқа қызметінен кетіп, қайта …

Читать далее »

ҮКІМЕТТЕГІЛЕР VIP-ҰШАҚПЕН дәрет шаптырымға ұшады…

Алматы әуежайындағы апаттың төңірегінде әртүрлі болжамдар айтылып жатқан кезде «Фейсбук» желісінде танымал оппозициялық жас журналист Ербол Мәндібектің Қазақстандағы ВИП-ұшақтар жайына қатысты «Бір-бір ұшақ ұстайды әуежайда…» деген жазбасы жария болды. Елдегі түрлі органдар мен ведомстволардың қарамағындағы авиапарктердің мән-жайын оқырмандар назарына салу үшін, жағдайдың қоясын қопарған сол жазбаны төменде қаз-қалпында көшіріп басып …

Читать далее »

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІН САТУ саясатына қарсы тұрайық!

Сонау «егемендігімізді алдық» дегеннен бастап, өзін-өзі президент етіп сайлап алған Нұрсұлтан Назарбаевтың есіл-дерті тек шексіз байып, бүкіл әулетін байытып алу ғана емес, түпкі арам ойы – қазақтың жерін қазақтардан ада етіп, жалаңаштау еді. Колхоз-совхоздарды тарқатып, мал-мүлкін талан-таражға салып, халқын торғайдай тоздыртып қана қоймай, қайыршылыққа ұшыратып, тезек тергізіп, қаңғыртып жібергенін көрген …

Читать далее »

ТАЙЖАН ТАНЫМЫ

Қазақ елінің тәуелсіздігіне адал қызмет еткен, қазақ азаматтарының арасынан нағыз кәсіби деңгейде дипломатиялық қызмет еткен бірегей тұлға Болатхан Тайжанның туғанына наурыздың 8-күні 80 жыл толды. Өмірінің ақырғы күніне дейін өз ұлтына шексіз берілгендігімен, туған жер мен туған тілдің тәуелді күйін ашық айтып, ешкімнің алдына бас имей, өмірден өтті. «DАТ» жобасындағы …

Читать далее »

ҚАЖЫГЕЛДИНДІ ЕЛГЕ ҚАЙТАРУ – Қазақстанды тығырықтан шығарудың бір жолы

Газетіміздің өткен санында ҚР премьер-министрі (1994-97жж.), саяси эммиграциядағы саясаткер Әкежан Қажыгелдиннің «Не істеу керек?» деген мақаласы жарияланған еді. Қазақстанның азаматтық қоғамына арналған бұл тезистерде елдегі демократиялық оппозицияның басын біріктіру және елдегі саяси режимді реформалау мәселелері сөз болған-ды. Бүгін біз танымал саясаткердің ұсыныстарына орай профессор Есенғазы Қуандықтың үндеуін жариялап отырмыз. Елдегі …

Читать далее »
Республиканский еженедельник онлайн